ВТБ (Қазақстан): салымдардың үштен бірінен астамын клиенттер Алматыда ашады

24.07.2023
ВТБ (Қазақстан) бірінші жартыжылдықтағы өзінің дара клиенттерінің депозиттері бойынша статистикаға талдау жасады. Алматы тұрғындары ең үнемді салымшылар болып табылды – олардың үлесі портфельдегі барлық классикалық жинақтардың 35% құрады. Көбінесе депозиттер максималды мерзімге – 36 айға ашылады. Бұл сегменттегі ең танымал өнім – бұл толтыру және алу мүмкіндігі бар салым – оны клиенттердің 83% таңдайды.

Салымдар көлемі бойынша екінші орында Астана тұр – мұнда клиенттер барлық депозиттердің 14% ашты. Үшінші орында – Қарағанды, ондағы жинақ үлесі 7% құрады. Қолданыстағы депозиттер саны бойынша Астана – 12% және Қарағанды – 9% көш бастап тұр.

«ВТБ (Қазақстан) салымшылары бірнеше жыл бойы ұзақ мерзімді жинақтарды таңдайды, олар бойынша ең жоғары табыстылықты тіркеуге болады. Бүгінгі таңда клиенттер депозиттердің негізгі көлемін теңгемен ашады – олардың жинақ портфеліндегі үлесі 88% құрайды. Сонымен қатар, біз рубльдегі депозиттердің өсуін атап өтеміз – екінші тоқсанда олардың үлесі екі есеге жуық өсті. Сұраныс клиенттердің өз салымдарын басқа валютада әртараптандыруға деген ұмтылысымен байланысты. Қазіргі уақытта ВТБ-да рубльмен депозит бойынша мөлшерлеме Қазақстанда ең жоғары – жылдық 1%-ды құрайды», – деп түсіндірді ВТБ (Қазақстан) бөлшек бизнес департаментінің директоры Станислав Козьяков.

ВТБ-да (Қазақстан) «Жайлы» салымы шеңберінде 6 айдан 36 айға дейінгі мерзімде жылдық 16,3%-ға дейін кепілдендірілген тиімді сыйақы мөлшерлемесін алуға болады. Депозит бойынша төмендетілмейтін қалдық шегінде – 1 мың теңге толықтыруға және алуға болады. Жылдық 18,3%-бен «Табысты» салымын 3 айдан 36 айға дейінгі мерзімге рәсімдеуге болады. Ең төменгі сома 100 мың теңгені құрайды. Өнім ішінара алуды қарастырмайды.

Депозиттерді банк бөлімшелерінде де, қашықтықтан ұсынылатын – VTB KZ Online мобильді қосымшасы арналарында да ашуға болады.

03.02.2020 ж. №1.2.14/39 ҚР ҚНРДА лицензиясы