ВТБ (Қазақстан) тоқсан қорытындысы бойынша таза пайдасы 1,4 млрд теңгеге жетті

04.05.2023

ВТБ (Қазақстан) жылдың алғашқы үш айында 1,4 млрд теңге таза пайда алды. Барлық сегменттердегі клиенттердің тартылған қаражаты өткен жылдың осыған сәйкес кезеңімен салыстырғанда қаңтар-наурыз айларында 40%-ға өсіп, 68,4 млрд теңгені құрады. Банктің активтері, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2%-ға ұлғайып 182,4 млрд теңге деңгейінде қалыптасты.


ВТБ (Қазақстан) есепті кезеңдегі таза пайыздық кірістері 2,5 млрд теңгеден асты, бұл өткен жылдың осыған сәйкес кезеңіндегі нәтижеден 39%-ға жоғары. Банктің 2023 жылдың бірінші тоқсанындағы кірісі бір жыл бұрынғы теріс нәтижеге қарағанда 3 млрд теңгені құрады.

«Біз бизнес-модельді қайтадан табысты құрдық және қазіргі экономикалық жағдайларда өз орнымызды таба білдік. Республикадағы ВТБ – Қазақстан мен Ресей арасындағы сыртқы экономикалық қызметтің негізгі операторларының бірі. Банкте мұндай келісімшарттардың 8 мыңға жуығы бар. Біздің өнімдеріміз бен сервистеріміз де халық арасында сұранысқа ие. Банк қазірдің өзінде «Мир» төлем жүйесінің 4 мыңға жуық картасын шығарды, олардың көмегімен Ресейде онлайн-сатып алуларға кедергісіз ақы төлеуге, сондай-ақ ел бойынша жайлы саяхаттауға болады. Сондықтан біздің жоспарымыз – биылғы жылды пайдамен аяқтау», – деп түсіндірді ВТБ (Қазақстан) банкінің Басқарма төрағасы Дмитрий Забелло.

ВТБ (Қазақстан) – ВТБ халықаралық қаржы тобының құрамына кіреді. Орталық кеңсесі Алматыда орналасқан банктің бөлімшелері Қазақстанның 17 өңірінде ұсынылған. Банкомат желісі өткен жылдың қорытындысы бойынша екі есеге өсіп бүкіл ел бойынша 70 құрылғыдан асты.