Мобильді банкинг
Мобильді банкингке қосылу үшін Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-да ашылған банктік шот немесе төлем карточкасы болуы қажет.
Мобильді банкингті орнату әдістері:
- Android: Android: VTB KZ Online Банк сайтынан APK нұсқасын смартфонға сілтеме арқылы жүктеп алыңыз
- iOS: VTB KZ Online қосымшасы App Store дүкенінен жүктеу және жаңарту үшін қол жетімді емес
Мобильді банкингке тіркелу үшін келесі параметрлерді енгізу қажет:
1. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
2. Төлем карточкасының немесе шот нөмірінің деректері;
3. Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-да тіркелген ұялы телефон нөмірі.
Мобильді банкинг келесі қызмет түрлерін ұсынады:
- Шоттарды басқару;
- Қызмет провайдерлерінің есебіне төлемдер;
- Банк ВТБ (Қазақстан) карталары арасындағы карточкалық аударымдар;
- Банктің ішіндегі және одан тыс банкаралық аударымдар;
- Депозиттерді және ағымдағы шоттарды ашу;
- Карточка лимиттерін басқару;
- СМС/3D Secure басқару;
- Банк бөлімшелерін және банкоматтарды іздеу;
- PUSH-хабарландыру баптаулары;
- Банкпен онлайн чат (24/7) және басқа да.
Қосымша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қол жетімді.
VTB KZ Online пайдалану бойынша сұрақтар туындаған жағдайда хабарласуды сұраймыз:
E-mail: onlineservice@vtb-bank.kz
+7 (727) 330-59-59 - Алматы қаласы бойынша қалалық нөмірлерден тегін
+7 (702) 017-59-59 - таңдаған ұялы байланыс операторының тарифтік жоспарына сәйкес