ВТБ жаңалықтары (Қазақстан)

30 мамыр 2022

Банк ВТБ (Қазақстан) 2021 жылғы таза пайданы бөлмейді



Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ жалғыз акционері – Банк ВТБ (ЖАҚ) 2021 жылға Қазақстандағы еншілес банктің жай акциялары бойынша таза пайданы бөлмеу және дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады. Тәуелсіз аудитор – Ernst & Young компаниясының қорытындысы бойынша Банк ВТБ (Қазақстан)-ның таза пайдасы 2021 жылдың қорытындысы бойынша 8,3 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың нәтижесінен 66%-ға артық.

2020 және 2019 жылдың қорытындылары бойынша Банк ВТБ (Қазақстан) алынған пайданы бизнесті дамытуға бағыттай отырып, дивидендтер төлемеді.

Қазіргі уақытта Банк ВТБ (Қазақстан) бизнес-модельді жаңа жұмыс жағдайларына бейімдей отырып, оны трансформациялауда. Банк қаржылық қызмет көрсетуді, сондай-ақ клиенттер мен серіктестерге қызмет көрсетуді жалғастыруда.