ВТБ жаңалықтары (Қазақстан)
24 мамыр 2022
«VTB KZ Online» мобильді банкі «Nash Store» дүкенінен жүктеу үшін қолжетімді болды
Құрметті клиенттер!
ВТБ банк (Қазақстан)-ның жеке тұлғаларына арналған «VTB KZ Online» Мобильді банкінің Android-нұсқасын енді «Nash Store» қосымшалардың жаңа дүкенінен жүктеп алуға болатынын хабарлаймыз.
Бағдарламаны орнату бойынша қадамдық нұсқаулар осы жерде жарияланған.
Естеріңізге сала кетейік, «VTB KZ Online»-да сізге келесілер қолжетімді:
-
Шоттарды басқару;
-
Қызметтер бойынша төлемдер;
-
Банк ВТБ (Қазақстан) карталары арасындағы карточкалық аударымдар;
-
Банк ішінде және одан тыс жерлерге теңгемен және рубльмен банкаралық аударымдар;
-
Теңгеде депозиттер ашу;
-
Кез келген валютада ағымдағы шоттарды ашу;
-
Карта лимиттерін басқару;
-
СМС басқару/3D Secure;
-
Банк бөлімшелерін, банкоматтарын іздеу;
-
PUSH-хабарландыру баптаулары;
-
Банкпен онлайн чат (24/7).
Қосымшаны пайдалану мәселелері бойынша әрдайым хабарласуға болады:
E-mail: onlineservice@vtb-bank.kz
Тел: + 7 (727) 330-59-59 – Алматы қаласы бойынша қалалық нөмірлерден тегін, + 7 (702) 017-59-59 – тиісті ұялы байланыс операторының тарифтік жоспарына сәйкес.