ВТБ жаңалықтары (Қазақстан)

3 ақпан 2021

Клиенттер үшін – жеке кәсіпкерлер, адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары, шаруа (фермер) қожалықтары, кәсіби медиаторлар үшін тарифтердегі өзгерістер туралы ақпарат.

Құрметті клиенттер!

Банк ВТБ (Қазақстан), Банк Басқармасы бекіткен (2020 жылғы «16» маусымдағы №32 хаттама) ағымдағы шоттың ашылуы (жеке кәсіпкерлер, адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары, шаруа (фермер) қожалықтары, кәсіби медиаторлар үшін) туралы қосылу Шартының 1.8 т. сәйкес, өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып (бұдан әрі – Шарт), банктің осы Шартқа қосылған және оның талаптарымен ағымдағы шоттар ашқан клиенттерін 2021 жылғы 08 ақпаннан бастап шарт шеңберінде көрсетілетін төлем қызметтері бойынша банк тарифтері мөлшерінің өзгеретіндігі туралы хабарлайды, атап айтқанда:

1) қағаз тасымалдаушыдағы ұлттық валютадағы (теңгедегі) ішкі аударым үшін комиссиялық сыйақы (бір клиенттің шоттары арасындағы банк ішіндегі аударымдарды қоспағанда):

- Банк ішінде жеке кәсіпкерлердің шоттарынан жеке тұлғаға ашылған жеке шоттарға – 0,1% min 1000 KZT max 5 000 KZT.

Көрсетілген тарифтер осы хабарлама орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін қолданылуға жатады. Көрсетілген мерзім ішінде Сіз банкке сіздің уәкілетті өкіліңіз қол қойған жазбаша бас тартуды жіберуге құқылысыз.

Шарттың 1.8 тармағына сәйкес, хабарлама орналастырылғаннан кейінгі үшінші күні банктің Сіздің уәкілетті өкіліңіз қол қойған жазбаша бас тартуды алмауы, Шарт шеңберінде көрсетілетін төлем қызметтері бойынша банк тарифтерінің мөлшерімен сіздің келісетініңізді куәландыратындығын және өзгертілген талаптарда ағымдағы шотты пайдалануға Сіздің ерік білдіруіңіздің жеткілікті растауы болып табылатындығын сіздің қаперіңізге береміз. Мұндай келісім толық және сөзсіз деп танылады.

Банктің Директорлар Кеңесі бекіткен тарифтерге енгізілген өзгерістер (18.01.2021 ж. №2/2021 шешім) Интернет желісінде банктің сайтында https://www.vtb-bank.kz/about/informatsiya-o-stavkakh-tarifakh/ мекенжайы бойынша орналастырылған.
 

Құрметпен, Банк ВТБ (Қазақстан).