ВТБ жаңалықтары (Қазақстан)
29 мамыр 2020
Банк ВТБ заңды тұлғалардың банктік шоттарынан қолма-қол ақшаны алу тәртібінің 2020 жылғы 01 маусымнан бастап өзгергені туралы хабарлайды
Құрметті клиенттер!
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ заңды тұлғалардың банктік шоттарынан қолма-қол ақшаны алу тәртібінің 2020 жылғы 01 маусымнан бастап өзгергені туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Күнтізбелік ай ішінде заңды тұлғалардың қолма-қол ақшаны банктік шоттардан алу сомаларының шекті мөлшерлері және банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу жөніндегі талап қолданылмайтын заңды тұлғалардың санаттары туралы» 2020 жылғы 21 сәуірдегі №50 қаулысына (бұдан әрі-Қаулы) сәйкес заңды тұлғалардың банктік шоттарынан қолма-қол ақшаны алуға арналған сомалардың мынадай шекті мөлшерлері анықталды:
- шағын кәсіпкерлік субъектілері* – 20 000 000 (жиырма миллион) теңгеден аспайды;
- орта кәсіпкерлік субъектілері * – 120 000 000 (жүз жиырма миллион) теңгеден аспайды;
- ірі кәсіпкерлік субъектілері* – 150 000 000 (жүз елу миллион) теңгеден аспайды.
Заңды тұлғалар қолма-қол ақшаны алу мақсатын растайтын құжаттарды Банкке ұсынған кезде және клиенттің ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне деректерді беруге келісім берген кезде белгіленген лимиттерден асып кетуге рұқсат беріледі. Қолма-қол ақшаны алу сомасын ұлғайтуға арналған өтінімді Банк үш жұмыс күні ішінде ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен келіседі.
Шектеулер мынадай санаттарға қолданылмайды:
1) шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға;
2) ауыл шаруашылығы азық-түлік өнімін, аквамәдениет (балық аулау) өнімін сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға;
3) осы Қаулының қосымшасына сәйкес Экономикалық қызмет түрлерімен тамақ өнімдерімен, сусындармен, сондай-ақ фармацевтикалық, медициналық және ортопедиялық тауарлармен бөлшек сауда субъектілері-заңды тұлғаларға қатысты;
4) екінші деңгейдегі банктер және Ұлттық пошта операторының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шоттардан және қызметін қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде тек айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардан қолма-қол ақшаны алған кезде жүзеге асырылады.
* сіз компанияңыздың қандай кәсіпкерлік субъектісінің санатына жататынын келесі сілтемелер бойынша анықтай аласыз:
http://adilet.zan.kz/rus/docs/K1500000375
Қаулы редакциясымен және ақша алу тәртібі туралы толық ақпаратпен сіз ҚР Ұлттық Банкінің сайтында таныса аласыз.
Сіздің, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ