ВТБ жаңалықтары (Қазақстан)

21 тамыз 2019

Банк ВТБ (Қазақстан) екі жылдық облигацияларды орналастырып, 4,9 миллиард теңге тартты

2019 жылғы 20 тамызда Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда жүйесінде Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ еншілес ұйымының екі жылдық облигацияларын орналастыру бойынша арнайы сауда-саттық өтті. Ұсынысқа сұраныстың арақатынасы 115,7% құрады. Нәтижесінде 4 874 730 000 теңге сомасына 4 сауда-саттыққа қатысушыдан 7 өтінім қанағаттандырылды. Сатып алушы үшін облигациялардың кірістілігі жылдық 10,42% құрайды.

«Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес осы орналастыру бойынша мәмілелер сауда-саттық нәтижелері бойынша есеп айырысу аяқталған сәтте орындалды. Бұл ретте тарту көлемі бойынша 34,6 % екінші деңгейдегі банктер, 0,5 % – брокерлік-дилерлік ұйымдар, 64,9 % – басқа институционалдық инвесторлар сатып алды.

- Банк ВТБ (Қазақстан) Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың белсенді қатысушысы болып табылады. Облигацияларды сәтті орналастыру қаржы нарығына қатысушылар тарапынан банкке деген мүдделілік пен жоғары сенімділік деңгейін көрсетеді. Осы сауда-саттық нәтижелері бойынша біз тартымды кірістілік бойынша тұрақты қорландыруды алдық. Бұл қаражатты Банк клиенттеріне тиімді, бәсекеге қабілетті қарыздар беруге жұмсауды жоспарлап отыр, - деп атап өтті Басқарма төрағасының орынбасары - Банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасының мүшесі Юрий Миронов.

S&P халықаралық агенттігінің тәуелсіз бағалауына сәйкес Банк ВТБ (Қазақстан) қазақстандық банктер арасында ең жоғары кредиттік рейтингтердің бірі – "BB+/B" ие, болжам тұрақты.

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ВТБ халықаралық қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 10 жыл бойы табысты жұмыс істеп келеді, еліміздің барлық аймақтарында клиенттердің түрлі санаттарына қаржы қызметтерінің толық спектрін ұсынады. Банктің Орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2019 жылғы 16 сәуірдегі №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз баспасөз қызметіне түсінік алу үшін хабарласа аласыз:

Арина Пирогова

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ

Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20

e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz

web: www.vtb-bank.kz