ВТБ жаңалықтары (Қазақстан)

3 шілде 2019

Банк ВТБ (Қазақстан) «Ақ Ниет» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерді қаржыландыруды бастады

Банк ДАМУ Қорымен және Шығыс Қазақстан облысы Әкімдігімен 200 млн.теңге, оның 100 млн. теңгесін облыс Әкімдігі және 100 млн. теңгесін – Қор берген сомаға «Ақ Ниет» субөнім бойынша – Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру бағдарламасына қатысу туралы кредиттік келісімге қол қойды.

Осы бағдарламаның аясында Банк ВТБ (Қазақстан) жылдық 8,5%-ға дейінгі сыйақының атаулы мөлшерлемесімен ШҚО бизнесмендеріне жеңілдікті кредит беруде.

- Банк ВТБ (Қазақстан) «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорымен бірігіп, ШОБ секторына маңызды қолдау көрсете отырып, көптеген жобаларды іске асырды, - дейді Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма Төрағасы Дмитрий Забелло: – біз кезінде Шығыс Қазақстан облысының Әкімдігімен және Даму Қорымен «2- Ақ Ниет» субөнім бойынша бірге жұмыс жасағанбыз. Ол кезде банк сол өңірдің кәсіпкерлерін қаржыландыруға бөлінген 300 млн. теңгені ойдағыдай игерген. «2-Ақ Ниет» пен «Ақ Ниет» бағдарламаларының айырмашылығы аз, осы екі субөнімінің мақсаты бір – облыс бизнесмендерге қолдау көрсету. Мысалы, «Ақ Ниет» бағдарламасы азық-түлік өнеркәсібін, агрокешенді, туризмді және азық-түліктік емес тауарларды өндірудің дамуына ерекше көңіл бөледі, яғни бірінші кезекте осы саладағы кәсіпкерлерді артық көреді.

ШҚО бизнесмендері немесе сол өңірде бизнесін дамытуға ниетін білдіргендер, олардың қарыз алу мақсаты – негізгі қаражатты сатып алу немесе айналымдағы қаражатты толықтыру болған жағдайда, Банк ВТБ (Қазақстан)-нан 200 млн. теңгеге дейінгі ең көп сомада кредит алу үшін Банкке жүгіне алады. Кредит беру мерзімі – 7 жылға дейін.

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – халықаралық ВТБ қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстан қаржы нарығында 10 жыл бойы жемісті қызмет жасап келеді. Еліміздің барлық өңірлерінде кез келген категориядағы клиенттерге қаржы қызметінің толық спектірін ұсынады.

Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2019 жылғы 16 сәуірдегі №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз әр кезде баспасөз қызметіне хабарласа аласыз:

Арина Пирогова

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ

Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20

e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz

web: www.vtb-bank.kz