ВТБ жаңалықтары (Қазақстан)

30 сәуір 2019

Сауда эквайрингінің бойынша жаңа шарттар

Құрметті Клиенттер!

Банк ВТБ (Қазақстан) сауда эквайрингі бойынша жаңа шарттарды бекітті. Жаңартылған тарифтер 30.04.2019 жылдан бастап Банктің жаңа Клиенттері үшін, ал 01.06.2019 жылдан бастап Банктің қолданыстағы клиенттері үшін күшіне енеді.

Қызметтер / операциялар тізімі

Базалық тариф

1.

Кәсіпорынның тауарларды/ қызметтерді/жұмыстарды сату кезінде басқа Банктердің төлем карточкаларын пайдалана отырып операциялар бойынша қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізгені үшін Банк комиссиясы

3,5%

2.

Кәсіпорынның тауарларды/ қызметтерді/жұмыстарды сату кезінде Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ төлем карточкаларын пайдалана отырып операциялар бойынша қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды жүргізгені үшін Банк комиссиясы

1,5%

3.

ҚҚС есебімен ай сайынғы абоненттік төлем*: Ол бойынша нақты айналымдар есептік кезеңде 500 000 теңгеден аз болатын әрбір орнатылған POS терминал үшін**

5 000 теңге***

* Абоненттік төлем кассирлерді оқытуды, POS-терминалды сүйемелдеуді, шығыс материалдарын қамтиды.

** Егер компания N*500 000 теңгеге тең айналымды орындамаса (N-компаниядағы орнатылған Pos-терминалдардың саны), абоненттік төлем тек әрбір 500 000 теңге толық орындалмаған айналым үшін ғана алынады.

*** Есептік кезең деп айдың 20-нан келесі айдың 20-на дейінгі толық кезең түсініледі.