ВТБ жаңалықтары (Қазақстан)

6 маусым 2018

ВТБ және GenerationS корпоративтік финтех-акселераторді іске қосады

ВТБ Тобы Ресей мен Шығыс Еуропаның аса ірі стартаптар акселераторы – GenerationS базасында корпоративтік финтех-акселераторды іске қосады. ВТБ корпоративтік акселераторы технологиялық жобаларды іздеуге және дамытуға бағытталған, бұл технологиялардың шешімдері ВТБ тобының компанияларына енгізіледі.

XXII Петербург халықаралық экономикалық форум аясында акселератор құру туралы келісімге ВТБ банкі президенті-басқарма төрағасының орынбасары Ольга Дергунова мен РВК бас директоры Александр Повалко қол қойды.

Келісім ВТБ финтех-акселераторына қатысуға стартаптардан тапсырыс жинау стартын береді. Үлкен деректер, жасанды интеллект, биометрия, блокчейн, заттар интернеті, бизнес-процестерді сандау және басқа салалардағы қаржы және қаржымаңы секторлары үшін шешімдер әзірлейтін стартаптар тапсырыс бере алады. Қазақстандық команда да қатысуға шақырылады.

Банк сарапшылары мен GenerationS бірлесе отырып, тапсырыстарды бағалайды, барынша перспективалы 40-қа жуық команданы іріктейді және бірлесе отырып, кейіннен ВТБ тобы компанияларының бизнес-процесіне бірігу үшін технологиялық шешімдерді жетілдіреді. Акселерациялық бағдарлама кезінде командалармен АТ, қаржы, маркетинг, сату және патенттік ілесі бойынша мамандар жұмыс істейтін болады.

2019 жылғы наурызда ВТБ жеңімпаздарды – банктегі пилоттық жобаларды жүргізу үшін таңдалған стартаптарды жариялайды. Сәтті жобалар ВТБ-мен ұзақ мерзімді серіктестік пен инвестицияға үміттене алады.

ВТБ банкі президенті-басқарма төрағасының орынбасары Ольга Дергунова атап өтті: «ВТБ-да GenerationS акселераторымен серіктестік тәжірибесі бар. 2015 жылдан бастап банк басқа корпорациялармен бірге стартаптарды бағалауға қатысып келеді. Биылғы жылы біз GenerationS-пен бірге өзіміздің финтех-акселераторымызды іске қосамыз. Бұл серіктестіктің жаңа деңгейін көздейтін үлкен бірлескен жоба. Банк үшін бұл біздің бизнесімізбен бірлесе отырып, бизнес-процестер мен клиенттік сценарийге оңай кіріктірілетіндей инновациялық шешімдерді табу және жетілдіру жолындағы тамаша мүмкіндік».

«ВТБ корпоративтік акселераторын жасау ― шағын инновациялық компаниялардың әзірлемелерін ірі ойыншылардың бизнес-процестеріне атаулы өндіру бойынша мемлекеттік бастаманы жүзеге асыру жолындағы стратегиялық қадам. РВК жаһандық нарықта корпоративтік серіктестерге бәсекелік артықшылықты қамтамасыз ету үшін «ашық инновациялар» аспабымен жұмыста сараптамалық қолдау көрсетуге әзір» — деп атап өтті РВК Бас директоры Александр Повалко.

ВТБ корпоративтік акселераторына қатысуға тапсырысты келесі бетте толтыруға болады: http://vtb.generation-startup.ru/

Тапсырыс жинау 2018 жылғы 24 мамырдан 31 тамызға дейін.