ВТБ жаңалықтары (Қазақстан)

16 қазан 2017

2017 жылғы ІІІ-тоқсанның Банк ВТБ (Қазақстан) қаржылық көрсеткіштері

Аудиттелмеген есептілікке сәйкес, 2017 жылғы 1 қазанның жағдайына қарағанда Банк ВТБ (Қазақстан) таза табысы 551 млн теңгені құрады, оның ішінде үшінші тоқсанда - 275 млн теңге. Көрсетілген күнге Банк активтері 172,2 млрд теңгені құрады, оның ішінде 39% немесе 66,8 млрд теңге – клиенттерге берілген қарыз. Банк міндеттемелері - 157,2 млрд теңге, оның ішінде 60% немесе 94,4 млрд теңге – банктік шоттары және клиенттердің салымдары. Банктің жарғылық капиталы өзгермеді және 27,3 млрд теңгеге тең. Резервті қалыптастырғанға дейін үшінші тоқсанда таза пайыздық кіріс 2,3 млрд теңгені құрады, ол өткен жылдың ұқсас кезеңі үшін осы көрсеткіштен 1,7 есе артады.

- Банк ВТБ (Қазақстан) жаңа, үш жылдық стратегиясын қабылдаған күннен бастап 9 ай өтті. Осы кезеңде Банкпен қол жеткізілген нәтижелер табыстың сенімді өсуін көрсетті. Банк жұмысының ағымдағы көрсеткіштері - 2017 жылғы қаржылық мақсаттарға қол жеткізу, сондай-ақ ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттерді орындау үшін берік тірек, - дейді Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма Төрағасы Дмитрий Забелло. - 2017 жылғы үшінші тоқсанда біз банк шығындарын оңтайландырдық және түрлендірілген өнімдер мен қызметтердің ұсыныстары есебінен бөлшек нарық үлесін ұлғайтуды жалғастырдық.

Соңғы жарты жылда Банк бірқатар жаңартылған өнімдерді енгізді, олардың ішінде басқа қаржылық институттарының тұтынушылық кредиттерін қайта қаржыландыру және бөлшек клиенттерді кредиттеу бойынша мөлшерлемелерді төмендету бойынша тиімді ұсыныс бар. Сонымен қатар, банк «Даму» АДҚ-мен бірлесіп ШОБ қолдауға, сондай-ақ «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша жеке тұлғаларға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар бойынша белсенді жұмыс істейді.

Даму стратегиясына сәйкес жақын арадағы үш жылда Банк ВТБ (Қазақстан) ірі инвестициялық бизнес - 20%, орта бизнес - 40% және бөлшек бизнес – 40% арасында бизнес-желілердің теңгерімін сақтай отырып, әмбебап банк ретінде үйлесімді дамуды жалғастырады.

 

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – халықаралық ВТБ қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстан қаржы нарығында 8 жылдан астам уақыт бойы жемісті қызмет жасап келеді. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 41 құрылымдық бөлімшеден тұратын, оның ішіндегі 17-і филиал болып келетін филиалдық желісі бар. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз әр кезде баспасөз қызметіне түсінік алу үшін хабарласа аласыз:

Арина Пирогова

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ

Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20

e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz

web: www.vtb-bank.kz

Facebook: BankVtbKazakhstan