ВТБ жаңалықтары (Қазақстан)

16 тамыз 2017

«Даму» Қоры мен ВТБ банкі АҚ ЕҰ (Қазақстан) «Даму-өңірлер» бағдарламасы аясында бизнесті несиелендіруге 6 млрд теңге бөледі

«Даму» Қоры мен ВТБ банкі АҚ ЕҰ (Қазақстан) арасында шағын және орта бизнесті несиелендіру үшін қаржы бөлу жөнінде келісімге қол қойды. Екі тарап 3 млрд теңгеден бөлді. Осылайша «Даму»-өңірлер» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған жалпы қаражат көлемі 6 млрд теңгені құрады.

Несие «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуға арналған біріңғай бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобаларды қаржыландыру мақсатында беріледі.

Негізгі талаптары:

Несие алушының номиналды сыйақы мөлшерлемесі:

- «Даму» Қорының қаражаты бойынша жылына 14%-ға дейін;

- Банк бөлетін қаржы бойынша жылына 19%-ға дейін;

Бір кәсіпкердің қолына 500 млн теңгеге дейін тиеді;

84 айға дейін берледі.

Қаржы айналым қаражатын толықтыруға, жаңа құрал алып, негізгі жабдықтарды жаңарту үшін беріледі.

«Несие мөлшерлемесін төмендетумен қатар, «Даму-Өңірлер» бағдарламасы бойынша несие алған кәсіпкерлер қосымша қолдау да алады. Мысалы субсидиялау арқылы пайыздық мөлшерлемені 7-10%-ға дейін түсіруге мүмкіндік бар. Кепілзат жетіспеген жағдайда кәсіпкер «Даму» Қорының несие сомасының 85 пайызына дейінгі кепілдемесін ала-алады»,-дейді «Даму» Қорының Басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов.

«Даму» Қоры 2009 жылдан бері ВТБ АҚ ЕҰ (Қазақстан) банкімен жемісті әріптестік жолында. Банк Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуға арналған бірыңғай бағдарламасы, «Даму-Өңірлер», «Даму-Оптима», «Астана Бизнес» және әйел кәсіпкерлерді микронесиелеу бағдарламаларының тұрақты қатысушысы. Мемлекеттік бағдарламалар аясындағы әріптестік – қаржылық институт қызметінің басты бағыттарының бірі.  

Біздің банк «Даму-Өңірлер» бағдарламасы аясында Қормен 2012 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде жалпы құны 4 млрд 700 млн теңге болатын 5 келісімге қол қойдық. Оның ішінде 1 млрд 700 млн теңгесі алдыңғы келісімдер бойынша тартылып, ШОБ қолдауға жұмсалды. Ал соңғы келісім бойынша қолға тиген 3 млрд теңге де шағын және орта бизнесті қаржыландыруға жұмсалады», - дейді ВТБ банк АҚ ЕҰ (Қазақстан) Басқарма төрағасының орынбасары –Басқарма мүшесі Николай Суганяка.

Анықтама үшін: «Даму-Өңірлер» бағдарламасы өңірлердегі шағын және орта бизнестің болашағы бар жобаларын қаржыландыруға арналған. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында 3 192 адам қаржы алып, 11 563 жұмыс орны ашылған. Нақты төленген сома 178 млрд теңгені құрады.

«Даму» Қоры – 100% акциясы «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі» АҚ тиесілі Ұлттық даму институты. «Даму» Қорының міндеті – кешенді және тиімді қолдау түрлерін жүйеге асыру арқылы Қазақстандағы микро, шағын және орта кәсіпкерлікті тұрақты түрде дамытуға белсенді қатысу. Баспасөз қызметінің тел.: +7 (727) 2445566 (ішкі 1042) сайт: www.damu.kz

ВТБ Банкі (Қазақстан) негізінен корпоративті клиенттер мен шағын және орта бизнеске көңіл бөле отырып, заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді. Банктің мақсаты – клиенттерінің қажеттіліктерін жылдам тани біліп, еуропалық сападағы өнім мен қызметтер ұсыну. ВТБ Банкінің (Қазақстан) негізгі артықшылықтары – күшті кәсіпқой команда, әр клиентпен жеке жұмыс және ВТБ қаржылық тобының қор базасына қатынас – Банкке нақты қызмет стратегиясы мен белгіленген міндеттерге сәйкес қарқынды даму мүмкіндігін береді. Баспасөз қызметі: т. 8 (727) 330 59 20 (ішк.59 20) сайты: www.vtb-bank.kz