ВТБ жаңалықтары (Қазақстан)

31 мамыр 2016

Банк ВТБ (Қазақстан) Visa картасымен саяхат Мальдивыға әкеледі!

Көптен күткен жаз да келді – бұл демалыстар, жаңа сезімдер мен тың ашулар жасау уақыты. Банк ВТБ (Қазақстан) және Visa халықаралық төлем жүйесі саяхаттауды ұнататын жандарға жаңа акцияға қатысуды ұсынады.

Көпшілігіміз шетелге сапарға шығар алдында валюта айырбастау және қолма-қол ақшаны жолда қауіпсіз алып жүру мәселесімен бетпе-бет кездесеміз. Егер Сіз Банк ВТБ (Қазақстан) Visa дебеттік карталарымен тек өз елімізде ғана емес, сонымен қатар шет елдерде де есептесуді бастасаңыз, онда мұндай уайымдардан құтала аласыз. Visa-мен бірге әлем есігін айқара ашыңыз! Бұл қолма-қол ақшаны пайдаланғаннан гөрі анағұрлым қауіпсіз, әрі қолайлы.

Шет елдерде Банк ВТБ (Қазақстан) Visa картасымен төлеңіз немесе халықаралық веб-сайттарда сауда-саттық жасаңыз және екі адамға Мальдивыға сапарды, сондай-ақ басқа да арнайы жүлделерді ұтып алыңыз.

Акцияға қатысу үшін 2016 жылдың 1 маусымы мен 31 тамызы аралығында 5 транзакцияны visa.com.kz сайтында тіркеу және чекті сақтау қажет. Осы талаптарды орындасаңыз Сіз автоматты түрде келесі жүлделердің ұтыс ойынының қатысушына айналасыз:

- маусымда тіркелсеңіз - екі адамға мейрамханаға баруға арналған 23 сертификат.

- шілдеде тіркелсеңіз - 23 жол шабаданы.

- тамызда тіркелсеңіз – 23 велосипед.

- Бас жүлде – Мальдивыға сапар, барлық тіркелген қатысушылар арасында ойнатылады.

Сәттілік және жақсы демалыс тілейміз!

Акция туралы толығырақ келесі сілтемеден қарауға болады: http://www.visa.com.kz/kz/ru-kz/crossborder/index.html