ВТБ жаңалықтары (Қазақстан)

23 ақпан 2015

Банк ВТБ (Қазақстан) «ВТБ бірге мобильді бол» атты акцияның ұзартылуы туралы хабарлайды

Банк ВТБ (Қазақстан) жеке тұлғаларға арналған «ВТБ бірге мобильді бол» атты акцияның ұзартылуы туралы хабарлайды. Осыған сәйкес ҚР ұялы байланыс операторларының пайдасына «Online VTB» Интернет-Банкинг жүйесі арқылы төлемдер 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін комиссиясыз жүзеге асырылатын болады.

Банк мамандарының деректері бойынша акцияның әрекет ету кезеңінде (2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2015 жылдың 31 қаңтарына дейін) «Online VTB» Интернет-Банкинг жүйесінің пайдаланушыларының саны жеке тұлғалар үшін 66%-ға артты.
Ең көп пайдаланылатын қызметтер болып әлі де ұялы байланыс, Интернет-провайдерлердің қызметтерінің ақысын төлеу, сондай-ақ букмекерлік кеңселерге төленетін төлемдерді жүзеге асыру табылады.

Банк ВТБ (Қазақстан) «Online VTB» Интернет-Банкингі 2013 жылдың тамыз айында іске қосылды. Бүгінгі таңда қызметті пайдаланушылар ұялы байланыс және коммуналдық қызметтердің ақысын төлейді, ағымдағы шоттарын басқарады, депозиттерді толықтырып, олардан ақша алады, өзінің ақшалай қаражатының қалдықтары және қозғалысы туралы мәліметтер алады.

Жалпы, «Online VTB» Интернет-Банкинг жүйесі арқылы қызметтерінің ақысын төлеуге болатын компаниялар тізбесіне 97 ұйым кіреді.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі
ҚР Ұлттық Банкінің 2014 жылдың 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «Жағымсыз» болжамы/ «BB+» деңгейдегі халықаралық рейтингі ұсынылды.
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).