ВТБ жаңалықтары (Қазақстан)

26 қыркүйек 2014

2014ж. Банк ВТБ (Қазақстан) Контакт-орталығына хабарласқан клиенттердің саны 10% көбейді

2014 ж. қаңтармен тамыз аралығында Банк ВТБ (Қазақстан) Контакт-орталығымен клиенттердің 169 мың қоңыраулары өңделді. 2013 ж. ұқсас кезеңімен салыстырғанда Банктің анықтамалық қызметіне хабарласқандардың саны 10% көбейді. Айына орта есеппен алғанда
Контакт-орталығымен 22 500 қоңыраулар өңделді, желіде клиенттердің күту уақыты 5-10 секундтан аспайды.

Ұялы телефоннан 5050 қысқа нөмірі немесе қалалық нөмірі бойынша Контакт-орталығына қоңырау шалып, клиенттер өз өңірлерінде Контакт-орталығының бірыңғай нөміріне автоматты түрінде сүйеніп, өнімдер және қызметтер, кеңсенің жұмыс істеу тәртібі және Банк филиалына жүру бағыты туралы толық ақпаратты ала алады, сонымен қатар Банк мамандарымен қосылуға мүмкіндіктері бар.

2013 жылдан бастап Банктің Контакт Орталығының қызметкерлері телефон арқылы банк өнімдерін белсенді сатумен айналысады. Банктің Контакт Орталығының қызметкерлері күннен күнге клиенттердің санын көбейтуде. Кеңес беру қорытындысы және 2014ж. Контакт-орталығының мамандары алдын ала есеп айырысуды жүргізу бойынша, Банк менеджерлері 697 кредит, шағын бизнес субъектілеріне 8 кредит, 169 кредит карталарын берді және 180 салымды ресімдеді.

Банк ВТБ (Қазақстан) Контакт Орталығы Қазақстан бойынша Банктің барлық филиал желілерімен кіріс қоңырауларды қабылдайды, сайтқа түскен сұрақтарды және кредит өнімдерінің онлайн-тапсырыстарын өңдейді, берешектің мерзімін кешіктірген клиенттермен жұмыс істейді, клиенттерге кредитті төлеу туралы ескерту жасайды. Бұдан басқа, 2012 жылдың маусымынан бастап Контакт Орталығының қызметкерлері Банк клиенттерін туған күндерімен құттықтайды. Қызмет көрсету сапасын көтеру және жақсарту үшін, Контакт Орталығы клиенттер арасында белсенді сұрақ-жауаптарды жүргізеді.

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы №1.1.259 лицензиясы. Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «Жағымсыз» болжамы/ «BB+» деңгейдегі халықаралық рейтингі ұсынылды. Банк ВТБ (Қазақстан) филиал желілері 17 қалада орналасқан, және 24 сату орындарын құрайды. Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).