ВТБ жаңалықтары (Қазақстан)

29 мамыр 2014

Астанада ЕАЭО құру туралы шартқа қол қойылды

29 мамыр 2014 жылы Астанада Қазақстан, Ресей және Беларус мемлекет басшылары Жоғары еуразиялық экономикалық одақ отырысының аясында Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) құрылуы туралы Шартқа қол қойды. Одақтың құрылуы қатысушы-елдерді біріктірудің ең жоғары деңгейіне шығарады.

Осы шарт Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) шегінде халықаралық келісім талаптарына сәйкес ұлттық заңның үйлестіру шараларын қарастырады, бұл 2014 жылдың соңына дейін Қазақстанды ДСҰ кіру барысын жылдамдатуға ықпал етеді.

Біріктірудің жаңа кезең аясында – экономикалық одақты құру – тауарлардың, қызметтердің, капиталдардың, еңбек қорлардың қозғалуына барынша мүмкіндік тудыратын еркіндікпен қамтамасыз етіледі.

Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойып, еуразиялық кеңістігінде біріктірудің жаңа даму кезеңін сапалы болатынын белгілейді. «Біздің барлық мемлекеттеріміздің мүддесін ескере отырып, ойланылған, сауатты шарт болды деп есептеймін», - деп мемлекет басшысы баса айтты.

«Алдыменен еуразиялық біріктірудің ерекшелігін біздің еліміздің азаматтары бағалауы тиіс. Олар «үш» мемлекет арасында еркін жұмыс істеуге құқылы. Сонымен бірге қандай болса да рұқсат беру қағаздары қажет емес», - деп Ресей президенті Владимир Путин Астанада Жоғары еуразиялық экономикалық одақ отырысында өз қорытынды сөзінде айтып кетті.

Сергей Гусаров, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма төрағасы, ЕАЭО құру туралы қол қойылған шартына келесі түсініктеме берді: «Біз еуразиялық кеңістігінде біріктірудің жаңа даму кезеңін бастайтын тарихи оқиғаның куәгері болдық. Экономикалық серіктестіктің жаңа деңгейі қатысушы-елдердің экономикасы үшін үлкен мүмкіндіктер ашатынына сенемін: үлкен қатысумен еркін сауда жасау үшін толымды аймағы құрылады, тұрмыстық жаңа нарықтар ашылады, бәсекелесу қабілеттігі көтеріледі – болашақта біріктіру үміті өте үлкен».

Үш елдің басшылары еуразиялық экономикалық біріктіру туралы декларацияны қабылдағаннан кейін, 2011 жылдың қараша айында шартпен жұмыс істеу жұмыстары басталды. 29 сәуір 2014 жылы Ресей, Беларус және Қазақстан басшылары ЕАЭО туралы шартына қол қояр алдында Минск қаласындағы отырыста келіссөздердің соңғы кезеңін жүргізді.