ВТБ жаңалықтары (Қазақстан)

2 қазан 2013

Банк ВТБ (Қазақстан)-ның банкоматтары арқылы жаңа төлем жасау қызметтері

Банк ВТБ (Қазақстан) банкомат арқылы төлем жасау тізімін толықтыра түсті: 2013 жылдың 1 қазанынан бастап Банк ВТБ (Қазақстан)-ның төлем карточкаларының иелері ұялы байланыс, кабельді телевидение және Internet-қосылым қызметтеріне төлем жасай алады. Өзге төлем терминалдарының белгіленген комиссияларынан ерекшелігі, Банк ВТБ (Қазақстан) банкоматтары арқылы төлем жасаудың комиссиясы, төлем сомасына қарамастан, қазақстандық Банк ВТБ-ның төлем карточкаларының иелері үшін 50 теңге.

Банкомат арқылы төлем жасау қызметтерінің тізімі төмендегі жеткізушілерді қамтиды:
• Ұялы байланыс: Kcell, Active, Beeline, Tele2, Pathword;
• Кабельді телевидение: Alma ТВ, Icon, Digital TV;
• Коммуналдық төлемдер: Алматытелеком;
• Коммуникациялар және интернетке қол жеткізілім: Транстелеком, Нұрсат, Digital TV, DIGI, Beeline үйге арналған интернет (2Day telecom).

Қазіргі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) еліміздің 17 қаласындағы 49 банкоматында желіге ие.
2013 жылдың соңына дейін банкоматтардың саны 64-ке жетеді. Банк ВТБ (Қазақстан) банкоматтарымен қатар, карточка иелері «Халық Банкі» АҚ банкоматтарының ауқымды желісінде қолма-қол ақша ала алады.

Банк ВТБ (Қазақстан) банкоматтары арқылы төлем жасау қызметтерінің тізімі үнемі толықтырылып отырады: облыс орталықтарында коммуналдық қызметтерді төлеу, кредиттерді жабу тб.

Анықтама: Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ-ның 100% еншілес Банкі болып табылады, Қазақстанда 2009 жылдан бастап жұмыс істейді.
 Заңды және жеке тұлғаларға банк қызметтерінің барлық түрін көрсете отырып, Банк дамыған филиалдық желіге ие: Қазақстанның 17 қаласында бар.

Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары Ресей мен шетелдік нарықтарда қызмет атқаратын халықаралық қаржылық топты құрайды ВТБ тобы – бұл ТМД, Еуропа, Азия және Африканың 20 мемлекетіндегі 30-дан астам банк пен қаржылық компаниялар. ВТБ-ның негізгі акционері – Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).