ВТБ жаңалықтары (Қазақстан)
27 тамыз 2013
Банк ВТБ (Қазақстан) заңды тұлғалар үшін Online-banking іске қосты
Банк ВТБ (Қазақстан) заңды тұлғалар үшін «VTB Оnline-banking» интернет-банкинг жаңа қызметін іске қосқанын хабарлайды.
VTB Online-banking - бұл Банк ВТБ (Қазақстан) заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге, оның ішінде халықаралық компанияларға дистанциялық банктік қызмет көрсету бойынша инновациялық шешімі.
VTB Online-banking – бұл банкке бармай, Интернетке рұқсаты бар жеке компьютер арқылы қауіпсіз тәртіпте өз шоттарына рұқсат беруді жою арқылы клиенттерге электрондық банк қызметінің кең спектрін пайдалану мүмкіндігін ұсынатын қорғалған веб-ұсынысы.
Интернет-Банкинг жүйесінде жұмыс істеу мүмкіндігін алу үшін келесі негізгі іс-әрекеттерді орындау қажет :
1) Ағымдағы шотты ашу арқылы Банктің Клиенті болу;
2) Интернетке рұқсаты бар жеке компьютері/ноутбугі болуы тиіс;
3) Қажетті құжаттарды толтырып, Банкке ұсыну қажет;
4) Банкте PIN-кодпен Е-Токенді алу (Интернет-Банкинг жүйесіне дербестендірілмеген парольмен алғашқы кіруге арналған жеке конверт);
5) Интернет желісінде https://ibank.vtb-bank.kz мекенжайы бойынша Интернет-Банкинг жүйесіне кіру. VTB Online-banking жүйесі туралы барлық ақпарат біздің сайтта http://www.vtb-bank.kz/online_banking/ орналастырылған.
Жүйенің артықшылықтары:
Мобильділік: Интернет желісіне қосылу мүмкіндігі кезінде «VTB Online banking» жүйесіне шексіз рұқсат беру;
Икемділік: клиентте бағдарламалық қамтамасыз етуді алғашқы рет орнату қажеттілігі жоқ. Жүйеге рұқсат беру – тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн;
Қауіпсіздік: жүйеге кіру және шығу кезеңінен бастап деректердің ең жоғарғы қорғауын және құпиялылығын қамтамасыз ету кезінде SSL технологиясы қолданылады - шифрлеудің 128/256 бит кілтімен хаттама. Осыған сәйкес, жүйедегі пайдаланушының сәйкестендіру процесі, сонымен қатар операцияны растау әдісі eToken деп аталатын құрылғы арқылы жүзеге асырылады.
Уақытты және қаражатты үнемдеу: Банк филиалдарына бару қажеті жоқ, бұл Сіздің төлеу тапсырыстарын өңдеу процесіңізді жеделдетеді. Ал электрондық банк жүйесін пайдаланып, төлемдерді және аударымдарды өңдеу кезінде комиссиядағы ақшалай қаражатты үнемдейді.
Көмек: Банк ВТБ (Қазақстан) қызметкерлері Клиентке қолдау көрсетеді. Сіз «Пайдалану басшылығымен» бірге танысып, Банктің ресми сайтынан жазып ала аласыз.