ВТБ жаңалықтары (Қазақстан)

21 мамыр 2013

Банкомат арқылы ПИН-кодты ауыстыру

Банк ВТБ (Қазақстан) халықаралық төлем карточкаларының барлық иелеріне арналған жаңалық. Сізге жаңа қызметті ұсынамыз – банкомат арқылы карточканың ПИН-кодын ауыстыру.

Енді Клиенттер өздігінен 4 белгіден тұратын кез келген ыңғайлы цифрлы құрамдастырымға ПИН-кодты өзгерту мүмкін.

Жаңа қызметті Банк ВТБ (Қазақстан) барлық төлем карточкалары бойынша, Республиканың 17 қалаларында, біздің Банктің кез келген банкоматында пайдалануға болады.

«ПИН-кодты ауыстыру» қызметін қалай пайдалануға болады:
1. Банктің банкоматында қызмет көрсету кезінде «ПИН-кодты ауыстыру» операциясының түрін таңдау қажет;
2. Қолданып жүрген ПИН-кодты енгізу;
3. Жаңа ПИН-кодты енгізу;
4. Растау үшін жаңа ПИН-кодты қайтадан енгізу;
5. ПИН-код өзгертілді, бұдан әрі жұмысты банкоматпен жалғастыруға болады.

«ПИН-кодты ауыстыру» қызметінің құны – 300 теңге.

Өз карточкаңыздағы ПИН-кодты бірнеше рет ауыстыруыңызға болады.