ВТБ жаңалықтары (Қазақстан)

19 наурыз 2012

Банк ВТБ (Қазақстан) және CONTACT ААЖ-сі <>бірлесіп «Наурыз CONTACT-пен бірге» акциясын өткізеді</>

Акция 2012 жылдың 19 наурызынан 30 сәуірге дейін, Қазақстанның 17 қалаларында өтеді.   

Акция кезеңінде Банк ВТБ (Қазақстан) бөлімшелерінде CONTACT арқылы ақша аударымын жөнелткен барлық жеке тұлғалар стильді, пайдалы  және әдемі сыйлықтар алады. 

301 АҚШ доллар, 9 001 ресей рубль немесе 201 евро сомадан жоғары ақша аударған жөнелтуші сыйлыққа «Киіз үй» стильді салпыншағын алады. Егер ақша аударымы 501 АҚШ доллар, 15 001 ресей рубль немесе 401 евро сомадан асып кетсе, жөнелтуші сыйлыққа пайдалы термокружканы алады. Ал 1 001 АҚШ доллар, 30 001 ресей рубль немесе 801 евродан жоғары ақша аударса, онда жөнелтуші «Наурыз» әдемі фотоальбомның иесі болады.     

- 2011 жылы біздің Банк арқылы 3 028 ақша аударымы жөнелтілді және 935 төленді, осы бағыттың басымы Ресей болды – деп, өз сөзінде Банк ВТБ (Қазақстан) Бөлшектік бизнесті дамыту департаментінің директоры Динара Жакенова айтып өтті. – CONTACT жүйесін пайдалану бойынша Алматы, Астана, Атырау, Тараз және Өскемен тұрғындары  негізгі көшбасшы болып табылады. Наурыз Мейрамында осы Акцияны өткізіп, біз барлық клиенттерімізді келген көктем мезгілімен құттықтап, естелікке сыйлықтар сыйлаймыз.    

- Біз Қазақстандағы Банк ВТБ белсенді және табысты ынтымақтастық үшін қуаныштымыз, – деп, Вице-Президент АКБ «РУССЛАВБАНК» Светлана Фролова айтып кетті. – Біздің бірлескен Акциямыз – бұл қазақстан нарығында мүдделіліктің көрсеткіші, жұмыстағы бағыттың басымы.  

Банк ВТБ (Қазақстан) негізгі құндылығы – клиенттің сенімділігі. Қаржы нарығында мықты позициялардың үйлесуі, ВТБ Тобының халықаралық тәжірибесі және деңгейі Банк сенімділігінің және күш қуатының кепілдігі болып табылады. 

 

Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі. ҚР еншілес банкі 2009 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс істейді. Банктің Жарғылық капиталы 20 млрд. теңге, ал филиалдар торабы Қазақстанның 17 ірі қалаларын қамтиды. 2011 жылы халықаралық рейтингілік агенттік Fitch Ratings банкке тұрақты болжаммен «BBB-» деңгейдегі рейтингті ұсынды. Бұл банктің оң және тұрақты қаржылық жағдайын куәландырады. 
Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін басқаратын халықаралық қаржылық тобын ұйымдастырады. ВТБ Тобы – бұл 19 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 20 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (75,5%). ВТБ Тобы қаржылық қызметінің толық спектрін ұсынады, оған жеке және корпоративтік клиенттеріне банктік қызмет көрсету, инвестициялық-банктік және қосымша қаржылық қызметі, лизинг, факторинг, сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру қызметтері кіреді.