ВТБ жаңалықтары (Қазақстан)

30 сәуір 2011

Астана қаласындағы филиалы: <>Қағидаттан нақты істерге</>

30 сәуірде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына ұштастырылған Инвестициялық бағдарлама шеңберінде астананы көгалдандыру бойынша акция өтті.

Акцияға Астана қаласындағы Банк ВТБ (Қазақстан) филиалы қатысты, оның қызметкерлері астананың Сол жағалауында орналасқан жаңа «Арай» саябағында 15 ағаш отырғызды. Қаланы көгалдандыру бастамашылығы Астана қаласының Әкімі Иманғали Тасмағанбетовке тиесілі. Іс-шара барысында аудан кәсіпорындарымен  2 500 жапырақты ағаш отырғызылған.

Іс-шараның қорытындысы бойынша «Есіл» ауданының Әкімі Қайрат Жаңабергенов Банк қызметкерлеріне жеке алғысын білдіріп, Акцияға қытысушылардың куәлігін табыс етті. Банк ВТБ (Қазақстан) инфрақұрылымның дамуына бағытталған әлеуметтік жобаларда болашақта да белсенді қатысуға ниетті.