Бөлімшелер мен банкоматтар 5050

ВТБ (Қазақстан) бейрезиденттер үшін карталарды қайта шығара бастады



ВТБ (Қазақстан) еліміздің бейрезиденттеріне «Мир» карталарын қайта шығара бастады. Банк өз жүйелерін толығымен ретке келтіріп, республика заңнамасының жаңа талаптары бойынша жұмыс істеуге дайын – карталардың қолданылу мерзімі енді 12 ай. Бұл ретте дипломатиялық қызметкерлер мен бейрезидент инвесторлар үшін карталардың қолданылу мерзімі 3 жылға дейін ұзартылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының бейрезидент жеке тұлғасы карта рәсімдеу үшін банктің кез келген бөлімшесіне барып, мына құжаттарды ұсынуы қажет:

  • шетелдік төлқұжат;
  • ҚР ЖСН бланкі;
  • клиенттің салықтық резиденттігін растайтын құжат (РФ азаматтары үшін – СТСН).


 Ақпаратты ұялы телефоннан 5050 тегін нөмірі арқылы байланыс орталығынан нақтылауға болады.