Абайлаңыз, алаяқтар!
⚠ Абайлаңыз, алаяқтар!
Алаяқтық фактілерін болдырмау мақсатында ВТБ (Қазақстан) қауіпсіздік шараларын сақтап, өзінің дербес деректерін, деректемелерін үшінші тұлғаларға бермеуге кеңес береді.
Өзіңізді қалай қорғауға болады? Алаяқтар қалай әрекет етеді?
Алаяқтар банктің, құқық қорғау органдарының немесе басқа да ұйымдардың қызметкерлері болып танысып, әртүрлі сылтаулармен сіздің жеке деректеріңізге қол жеткізуге тырысуы мүмкін. Негізінен алаяқтар телефонды немесе мессенджерлерді пайдаланып, кез келген нөмірден қоңырау шала алады. Мессенджерлерден қоңырау шалған кезде аватарда көбінесе банктің логотипі шығады.
Алаяқтар Клиенттің абдырап қалуын пайдаланып, одан жеке деректерін тезірек алу мақсатында оны қорқытуға тырысады. Әсерді күшейту үшін әңгімеге алаяқтың сыбайластары қосылып, өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ sim-картасының мерзімі өтіп кеткені туралы ақпаратпен ұялы байланыс операторлары ретінде таныстырады.
Ең көп таралған схемалардың бірі – жәбірленушінің атына алаяқтық жолмен несие рәсімдеу. Алаяқтар жәбірленушінің сеніміне кіріп, TeamViewer, Anydesk, RustDesk, Hoptodesk, Rudesktop және басқалары сияқты ресми қосымшаларды немесе бағдарламаларды орнатуға мәжбүрлейді. Бұл бағдарламалар құрылғыдағы барлық ақпаратқа қашықтан қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Құрметті клиенттер, қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз:
- өз құпиясөздеріңіз бен жеке деректеріңізді ешқашан бермеңіз;
- операцияларды растау үшін SMS кодтарды (көбінесе 1414 нөмірінен келеді);
- мобилді банктің PIN-кодтары мен құпиясөздерін;
- картаның фотосуреті мен картаның сырт жағындағы CVV-кодтарды жібермеңіз;
- үшінші тұлғалардың өтініші бойынша жеке деректерді өзгертпеңіз;
- таныс емес бағдарламаларды жүктемеңіз және күдікті сілтемелерге өтпеңіз;
- үшінші тұлғалардың өтініші бойынша несие рәсімдемеңіз;
- әлеуметтік желілерде жариялаған нәрсеге абай болыңыз, алаяқтар бұл ақпаратты пайдалана алады;
- компанияға инвестиция салу сияқты жылдам табыс табу ұсыныстарына көнбеңіз – бұл көбінесе алаяқтардың айла-тәсілдері;
- ақша аудармас бұрын әрқашан ақпаратты тексеріңіз, қоңырау шалып, ақшаны кімге аударатыныңызға көз жеткізіңіз.
⚠ Білу маңызды! банк қызметкерлері ешқашан басқа шоттарға ақша аударуды ұсынбайды, SMS кодтарды, код сөзі мен құпиясөздерді сұрамайды.
Сізге деген қамқорлықпен, ВТБ (Қазақстан).