Субсидияланатын ипотекалық несиелер туралы мәліметтер
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ (бұдан әрі – Банк) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы №34 Бұйрығымен бекітілген Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау және квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілетін қызметтерінің құнын есептеу әдістемесі қағидаларының 32 тармағына сәйкес Қарыз алушыларға ЕДБ берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды қаржыландыру тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылатынын Сіздердің назарларыңызға жеткізеді.
Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, Банк «Қазақстандық Тұрғын Үй Компаниясы» АҚ-ның (бұдан әрі – Компания) республикалық бюджеттен қаражаттың уақтылы алынбауына байланысты ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша субсидиялауды тоқтата тұратыны туралы және Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеуге арналған субсидиялау шартының талаптарына сәйкес ай сайынғы төлемді толық көлемде өтеу қажеттігі туралы хабарлайды.
Компанияның республикалық бюджеттен қаражаттың түсуін қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдап жатқанын қосымша хабарлаймыз.
Республикалық бюджеттен қаражаттың түсуіне қарай Компания сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеуді жүзеге асырады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің жақын жердегі бөлімшесіне хабарласуыңызды немесе 5050 нөмірі бойынша (ұялы телефоннан тегін) анықтама қызметіне қоңырау шалуыңызды сұраймыз.