Бөлімшелер мен банкоматтар 5050

Назар аударыңыз: кибералаяқтыққа қатысты Қылмыстық заңнамадағы жаңа нормалар!


Құрметті клиенттер!

2025 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне интернет-алаяқтық пен киберқылмыстарға қатысты өзгерістер күшіне енеді.

Енді банктік шотқа немесе басқа да төлем құралдарына (оның ішінде банк картасына) заңсыз қолжетімділікті беру немесе үшінші тұлғаға пайдалануға ұсыну, сондай-ақ оларды заңсыз иемдену немесе пайдалану арқылы төлемдер мен аударымдар жүргізу қылмыстық құқық бұзушылық болып есептеледі.
Маңызды: егер сіз алаяқтық іс-әрекеттер туралы білмесеңіз де, мұндай жағдайға қатысу қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

Өзіңізді қалай қорғауға болады:

• Банктік карталарыңыздың деректерін, реквизиттерді, SMS-кодтарды, құпиясөздер мен қолжеткізу кодтарын бөтен адамдарға ешқашан бермеңіз.
• Бейтаныс немесе күмәнді адамдардың өтініші бойынша ақша аудармаңыз.
• Егер күтпеген ақша аударымы келсе немесе ақшаны қайтару туралы өтініш түссе - дереу банкпен байланысыңыз.

Сақ болыңыз және жеке деректеріңіз бен қаржылық ақпараттарыңызды қорғаңыз.