ВТБ (Қазақстан) және Алматы прокуратурасы алаяқтықпен күрес саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
ВТБ (Қазақстан) және Алматы прокуратурасы халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру және онлайн алаяқтықтың алдын алу бойынша ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. Құжатқа ВТБ (Қазақстан) басқармасының төрағасы Дмитрий Забелло мен Алматы прокуроры Серик Карипбеков қол қойды.Меморандум клиенттерді цифрлық ортадағы алаяқтық әрекеттерден қорғаудың кешенді жүйесін құрудағы және қаржы жүйесіне деген сенімді нығайтудағы негізгі қадам болып табылады. Тараптар бірлескен ақпараттық-алдын алу іс-шараларын өткізу туралы уағдаласты: прокуратура алаяқтықтың кең таралған схемалары мен қорғау әдістері туралы материалдар дайындайды, ал банк іс жүзіндегі және әлеуетті клиенттер үшін киберқауіпсіздік саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыру бағдарламасын іске асырады.
«ВТБ өз клиенттерінің қауіпсіздігіне ерекше назар аударады. Біз республика халқын алаяқтық қатерлері туралы белсенді түрде ақпараттандырып отырамыз. Бүгін мемлекеттік органдармен бірлесе күш салып, біз цифрлық сауаттылық мәдениетін қалыптастыруға маңызды қадам жасаудамыз. Мұндай ынтымақтастық халықтың хабардарлығын арттыруға және онлайн-кеңістіктегі алаяқтық жағдайларының санын айтарлықтай азайтуға жол ашады», - деп атап өтті Дмитрий Забелло.