ВТБ жаңалықтары (Қазақстан)

9 ақпан 2023

ВТБ (Қазақстан) ШОБ арналған банк кепілдіктері бойынша комиссияны төмендетеді

ВТБ (Қазақстан) шағын және орта бизнес кәсіпорындарына арналған банк кепілдіктерін ресімдеу кезіндегі комиссия мөлшерін азайтты. Өнім бойынша жеңілдікті шарттарды пайдалану үшін компаниялар банкте бір жылға ЕКҚ пакетін қосуы керек.

Кепілдіктер бойынша жеңілдікті шарттарды ШОБ сегментінің кәсіпкерлері – банктің бұрыннан бар, сондай-ақ жаңа клиенттері ала алады. Кепілдік шығаруға комиссиясы төмендетілген тариф 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін ресімдеген жағдайда ЕКҚ пакетінің бүкіл әрекет ету мерзімі ішінде қолжетімді.

ВТБ (Қазақстан) ЕКҚ қосу кезінде клиент VTB Business интернет-банкингіне кіру рұқсатын алады. Сервисте рубльдерді онлайн сатып алуға және сатуға, күн сайын Ресейге трансшекаралық төлемдер мен аударымдар жүргізе алады. Сондай-ақ жүйеде клиент мәміле бойынша валюталық бақылаудан өте алады, валюталық келісімшарт бойынша нөмір тіркеп, ала алады.

«Бүгінде есептік-кассалық қызмет көрсету қызметтері клиенттер арасында, әсіресе белсенді түрде сыртқы экономикалық қызметпен айналысатын және ресейлік бизнеспен жұмыс жасайтын клиенттер арасында сұранысқа ие. 2022 жылдың екінші жарты жылдығында СЭҚ клиенттерінің саны 2 есеге артты. Банк кепілдіктері бойынша комиссияны төмендете отырып, біз қазақстандық және ресейлік кәсіпкерлерге өзара төлем кепілдігімен сенімді мәмілелер жасауға мүмкіндік береміз», - деп пікір білдіреді ВТБ (Қазақстан) корпоративтік клиенттерімен жұмыс істеу департаментінің басшысы Олеся Акылова.

Кәсіпкерлер ЕКҚ пакетін ВТБ (Қазақстан) кез келген бөлімшесінде немесе байланыс орталығының нөмірі 5050 бойынша қоса алады.