Пайыздық мөлшерлемелер

ВТБ Банкінің пайыздық саясатының ұстанымдары

ВТБ Банкінің пайыздық саясаты тарифтік саясатпен қатар Банктің бағалық саясатының құрам бөлігі болып табылады және келесілерді қамтамасыз етуге бағытталған:
  • Банктің пайыздық табыстар және шығындар беретін өнімдері тиімділігінің тұрақты деңгейін;
  • Банктің тартылған және жеке қорларын тиімді басқаруға;
  • Банк бизнесінің сатылы дамуына.


ВТБ Банкінің пайыздық саясаты қорларды тартудың стандарттық мөлшерлемелерін және кредит берудің негізгі (ең аз) мөлшерлемелерін және клиенттерге Банктің басқадай қызметтерін ұсыну үшін тәуекел мен қосымша табыстығын ескере отырып жеке мөлшерлемелерді (жеке клиенттер үшін) белгілеуді көздейді.

Корпоративтік клиенттерге кредит беру мөлшерлемелері

Корпоративтік клиенттерге кредит берудің негізгі мөлшерлемелері төрт валютада белгіленеді – теңгеде, рубльде, АҚШ долларларында және Еврода және қаражаттарды орналастыру мерзімдеріне және корпоративтік клиентті Банкте қолданылатын іс-барысына сәйкес жатқызуға болатын қарыз алушылардың санаттарына байланысты.