ВТБ Банкі туралы

Банк ВТБ (Қазақстан) – халықаралық қаржы қызметтері нарығының көшбасшыларының бірі болып табылатын ВТБ тобының еншілес банкі. Топтың құрамына еншілес жəне қауымдастырылған банктер, банктің Ангола, Қытай, Үндістандағы филиалдары кіреді. ТМД елдерінде топ Қазақстанда, Арменияда, Беларусьте, Əзірбайжанда ұсынылған. Банк республиканың қаржы нарығында 14 жылдан астам табысты түрде жұмыс істейді, Қазақстанның 12 қаласында филиалдары бар.

Банк ВТБ (Қазақстан) заңды тұлғаларға да, жеке тұлғаларға да арналған қызметтердің кең спектрін ұсынады. Банк үш бизнес-желі бойынша жұмыс істейді:

  • Бөлшек бизнес;

  • Шағын және орта бизнес;

  • Ірі инвестициялық бизнес.

Миссиясы

  • Біз адамдарға қаржылық шешімдерді жақсарту арқылы жоспарларын жүзеге асыруға көмектесеміз.

  • Біз өз клиенттеріміз бен бүкіл еліміз үшін жұмыс істейтін кәсіпқойлар командасымыз.

Пайымдауы

Өз клиенттері үшін бірінші қатардағы қаржылық серіктесі болуға, олардың қажеттіліктерін ең ыңғайлы және заманауи тәсілдермен қамтамасыз етуге арналған қарқынды және тұрақты дамып келе жатқан әмбебап қаржы тобы.


Құндылықтары

  • Клиентті қадірлейміз

  • Командамен жұмыс істейміз

  • Нәтижеге жауап береміз

  • Бастама көтереміз

  • Үнемі жетілдіріліп отырамыз