Қарапайым заттар экономикасы

Қарапайым заттар экономикасы (ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысы бойынша) сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды, сондай-ақ қамтамасыз ету жетіспеген жағдайда кепілдік беруді көздейді



Негізгі параметрлері Шарттары

Кәсіпкерлік субъектісі

Жеке кәсіпкерлік субъектілері (ЖК, шағын, орта және ірі бизнес)

Рұқсат етілген салалар

  • Өңдеуші өнеркәсіптегі және көрсетілетін қызметтер
  • Агроөнеркәсіптік кешенді өндіру
  • Агроөнеркәсіптік кешенді қайта өңдеу

Жобалардың нысаналы мақсаты

  • инвестицияларға;
  • айналым қаражатын толықтыруға.

Бір қарыз алушы үшін ең жоғарғы сома

  • инвестицияларға - шектеусіз;
  • айналым қаражатын толықтыруға – 5 млрд.теңге.

Валюта

Теңге

Сыйақы мөлшерлемесі

ҚР ҰБ базалық мөлшерлемесі + 4,5%, оның 12,50%-ын мемлекет субсидиялайды, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.

Басым секторлардағы жобалар бойынша 10,50%-ын мемлекет субсидиялайды, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.

АӨК өндірісіндегі жобалар бойынша: 7%-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды. (ЖТСМ 23,10%-дан басталады)

Субсидиялау мерзімі

  • инвестицияларға – 5 жыл (экономиканың басым секторлары – 7 жыл), субсидиялау мерзімін әрі қарай ұзартусыз;
  • айналым қаражатын толықтыруға – 3 жыл, субсидиялау мерзімін әрі қарай ұзартусыз.

Кепілдік мерзімі

Кредит мерзімінен артық емес

Кепілдік мөлшері

Кредит сомасының (1 млрд. Теңге) 50% артық емес

Толығырақ – «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ сайтында https://damu.kz/programmi/