ВТБ жаңалықтары (Қазақстан)
29 ақпан 2024
Техникалық жұмыстар
Құрметті клиенттер!
Қазақстанның бірыңғай уақыт белдеуіне көшуіне байланысты 2024 ж. 29.02. сағат 23:30-дан бастап 2024 ж. 01.03. сағат 06:00-ге дейінгі кезеңде келесі қызметтер қолжетімсіз болады:
• VTB Business заңды тұлғаларына арналған мобильді қосымша және интернет-банкинг;
• жеке тұлғаларға арналған VTB KZ Online мобильді қосымшасы;
• банктің ақпараттық төлем терминалдары;
• банкоматтар арқылы қаражатты толықтыру.
Банкоматтар арқылы ақша алу қолжетімді болады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.