ВТБ (Қазақстан) «Касперский зертханасымен» ынтымақтастықты бастады

02.12.2022

ВТБ (Қазақстан) және «Касперский зертханасы» киберқауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. IT-компания банктің корпоративтік желісін, пошта сервистерін, интернет-шлюздерді, виртуалды және бұлтты орталарды, сондай-ақ ендірілген жүйелерді қорғау жөніндегі кешенді шешімдерді әзірлейтін болады. «Касперский зертханасы» банк қызметкерлеріне IT-қауіпсіздік саласындағы хабардарлықты арттыру үшін онлайн оқыту құралдарын ұсынады.

«ВТБ (Қазақстан) үшін банктік ақпаратты қорғау басым бағыт болып табылады. Біз республикадағы банк жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ететін және тіпті киберқауіптердің ең күрделі түрлеріне қарсы тұра алатын жүйелерге жоғары талаптар қоямыз. «Касперский зертханасы» өнімдерінің сенімділігі мен жоғары өнімділігі жылдан жылға тәуелсіз сараптама ұйымдары мен талдау агенттіктерінің сынақтарымен расталады. Біздің ақпаратты қорғау саласындағы ынтымақтастығымыз табысты және тиімді болады деп сенеміз», – дейді ВТБ банкінің (Қазақстан) ақпаратты қорғау басқармасының бастығы Михаил Кочергин.

«Банктер өз қызметінде киберқауіпсіздікке басты назар аударады. Клиенттердің деректерін және барлық банктік инфрақұрылымды қорғауды қамтамасыз ету мәселесі олар үшін ең жоғары басымдыққа ие. Бүгін біздің серіктесіміз ВТБ (Қазақстан) банкі болды, ол үлкен қаржы тобының бөлігі болып табылады және ақпаратты қорғау мәселелеріне байыпты қарайды. Айта кетейік, біздің бағдарламалық қамтамасыз ету жақында Қазақстанда сертификаттаудан өтіп, ҚР СТ ISO/IEC 15408-3-2017 стандарты бойынша бесінші сенім деңгейіне ие болды», – деп түсіндірді Орталық Азиядағы «Касперский Зертханасының» коммерциялық директоры Валерий Зубанов.

 

Анықтама:

«Касперский зертханасы» – 1997 жылдан бастап ақпараттық қауіпсіздік және цифрлық құпиялылық саласында жұмыс істейтін халықаралық компания. IT-компания құрылғыларды қорғауға арналған заманауи өнімдерді, сондай-ақ күрделі және үнемі дамып келе жатқан киберқауіптермен күресу үшін бірқатар арнайы шешімдер мен қызметтерді әзірлейді.