Сейф ұяшықтарын жалдау

pict (1).jpgБанк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ жеке тұлғаларға маңызды құжаттары мен бағалы заттарын сақтау үшін сейф ұяшықтарын жалға алуды ұсынады.

Құндылықтарды ВТБ банк ұяшығында сақтау артықшылығы:

  • ВТБ қоймалары құндылықтардың толық сақтығын қамтамасыз ететін заманға сай техникалық құралдармен жабдықталған;
  • ВТБ банкінде түрлі өлшемді сейф ұяшықтары бар:

      - 72 х 260 х 390 мм
      - 146 х 260 х 390 мм
      - 220 х 260 х 390 мм
      - 440 х 260 х 390 мм

  • ұяшықты әрі қарай ұзарту мүмкіндігімен 12 айға дейінгі мерзімге жалдауға болады;
  • ұяшықты пайдалану құқығын сенімхат бойынша сенімді тұлғаға тапсыру мүмкіндігі беріледі (сенімхат міндетті түрде нотариусте расталуы тиіс);
  • жеке банк сейфі жеке жалдаушыға және ортақ пайдалану үшін екі жалдаушыға беріле алады;
  • ақшаны санау машинасы мен банкноттардың шынайылығын растау детекторы пайдалануға тегін беріледі.


Сейф ұяшықтарында сақталуы мүмкін емес заттар:

  • атыс, газ және суық қару;
  • жарылатын және тез тұтанатын заттар;
  • химиялық, есірткі және психотроптық заттар;
  • радиоактивті, токсиндік және адам организмі мен қоршаған ортаға зиянды әсер ететін басқа уландырғыш заттар;
  • азық-түлік өнімдері мен бұзылуға ұшарайтын немесе паразиттердің таралуын туындататын, өз қасиеттері бойынша Сейфті бүлдіретін,
  • оның ішінде оның кез келген жұмыс қабілеттілігін бұзатын және/немесе Банкке/басқа клиенттерге шығын келтіретін заттар Сейфте сақтауға жатпайды.

Сейф ұяшығын жалдау қызметін Алматы қ., Тимирязев көш., 26/29 үй мекен-жайы бойынша орналасқан Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ бөлімшесінде пайдалана аласыз.


Сейфтік депозитарийдегі жұмыс кестесі:  

Дүйсенбі – жұма сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін  
Сенбі – жексенбі - демалыс


Тарифтер: