«Рыночный» салым

Негізгі параметрлері Шарттары
Салым ұсынылатын клиенттер сегменті Заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер, шаруа (фермер) қожалықтары, жекеше нотариустар
Салымды орналастыру мерзімі Теңгемен (ЗТ/ЖТ) - 1 (бір) айдан 24 (жиырма төрт) айға дейін.
АҚШ долларында (ЗТ) – 3 (үш) айдан 12 (он екі) айға дейін.
АҚШ долларында (ЖТ) - 1 (бір) айдан 24 (жиырма төрт) айға дейін.
Операциялар валютасы теңге, АҚШ доллары
Сыйақыны төлеу Ай сайын (әр айдың соңғы жұмыс күні)
Салымның ең аз сомасы 5 000 000 теңгеден;
35 000 USD кем емес;
Салымның ең жоғарғы сомасы Банктің меншікті капиталының 10 (он) еселенген мөлшерінен аспайтын не төмендемейтін қалдыққа тең (ерекше жағдайларда)
Сыйақы мөлшерлемесі жеке белгіленеді
Қосымша жарналар Салымның ең жоғары сомасынан аспаған жағдайда жол беріледі
Ішінара алу Төмендетілмейтін қалдық мөлшеріне дейін салым сомасын шектеусіз ішінара алуға жол беріледі
Сыйақыны капиталдандыру Қарастырылмаған
Ұзарту Қарастырылмаған
Ерекше шарттар Банктік салым шарты жасалған күні бір және одан да көп пайыздық тармаққа Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми сайтында жарияланған банктік емес заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі тартылған банктік салымдары бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі азайған жағдайда, салым бойынша ерекше талаптар туындайды, оған сәйкес Банк бір жақты тәртіппен құқылы:
1) салымның ең жоғарғы сомасының мөлшерін салым бойынша төмендетілмейтін қалдық мөлшеріне дейін төмендету;
2) салым бойынша ақша қалдығы мен салым бойынша төмендетілмейтін қалдық сомасы арасындағы айырма нәтижесінде алынған сома мөлшерінде салымның бір бөлігін салымшының ағымдағы шотына қайтаруды жүзеге асыруға;
3) салым мерзімі аяқталғанға дейін салым бойынша қосымша жарналарды одан әрі қабылдау тоқтатылсын.

Салымшыларды жоғарыда көрсетілген ерекше шарттардың күшіне енгені туралы хабардар ету хабарлама хатты жіберу/ұсыну жолымен жүзеге асырылады:
1) салымшының электрондық поштасына
2) интернет-банкинг арқылы
3) банкке жүгінген кезде.
Банк салымын мерзімінен бұрын бұзу шарттары 1. Салым сомасын орналастырудың нақты мерзімі 1 (бір) айдан аз болған кезде, банктік салым Шартының талаптарына сәйкес сыйақы төлеу (есептеу) көзделмейді.
2. Салым сомасын 1 (бір) және одан көп ай нақты орналастыру мерзімі кезінде есептелген / төленген сыйақы банктік салым Шартына сәйкес салым сомасы үшін белгіленген сыйақы мөлшерлемесі бойынша қайта есептеледі және төленеді

Егер біздің ұсынысымыз Сізді қызықтырса, хабарласыңыз: 5050 – ұялы телефоннан тегін.

Шартты анықтау үшін біз Сізбен хабарласып, кездесуге шақырамыз, Сіздің сұрақтарыңызға жауап береміз, және қызмет көрсету бойынша кеңес береміз.