«Мобильді банк»/«Интернет банк» жүйесіндегі қашықтықтан банктік қызмет көрсету талаптары

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ (бұдан әрі – Банк) 2024 жылғы 22 қаңтардан бастап «Мобилді банк»/ «Интернет банк» қашықтықтан банк қызметтерін көрсету жүйесінде («Мобилді банк»/ «Интернет банк» («Талаптар») жүйесінде қашықтықтан банк қызметтерін көрсету шарттары/ («Мобилді банк»/ «Интернет банк» («Шарт») жүйесінде қашықтықтан банк қызметтерін көрсетудің қосылу шарты) Банктің электрондық банк қызметтерін/ақпараттық қызметтерді ұсынуының стандарт қағидаларына (шарттарына) өзгерістер мен толықтырулар енгізілетіні туралы хабарлайды.

Талаптарға/ Шартқа енгізілетін № 6 өзгерістер мен толықтырулар Банк Басқармасының 2023 жылғы 28.12 шешімімен бекітілді (№ 61 хаттама), Талаптардың/Шарттың 98, 99, 100, 101-тармақтарының ережелеріне, сондай-ақ Талаптарға/Шартқа № 4, 4-1, 5, 5-1 қосымшалардың ережелеріне қатысты және 2024 жылғы 22 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Клиент Шарттың жоғарыда көрсетілген өзгерістерімен және/немесе толықтыруларымен келіспеген жағдайда, Клиент Банк белгілеген нысан бойынша Шартты бұзуға өтініш беру арқылы шартты белгіленген тәртіппен бұзуға құқылы (Шартқа / Талаптарға 10-қосымша). Егер жоғарыда көрсетілген Шартқа енгізілетін өзгерістер және толықтырулар күшіне енген күнге дейін кемінде 1 (бір) күн бұрын Банк шартты бұзу туралы жазбаша хабарлама алмаса, Банк бұл мән-жай клиенттің жоғарыда көрсетілген Шарт талаптарының өзгерістеріне және толықтыруларына келісім (акцепт) білдірді деп есептейді.

№ 6 өзгерістері мен толықтырулары бар Талаптармен / Шартпен мына сілтеме бойынша танысуға болады (мұнда).