Жедел несие
Ойдан - шешімге
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның шағын бизнеске қызмет көрсетудегі басты бағыттарының бірі несиелендіру болып табылады.
Сізге қосымша қаражат қажет және мұнымен бірге Сіз несиені рәсімдеу мен алуға уақытыңызды жұмсағыңыз келмей ме? –
Банк ВТБ (Қазақстан) ұсынатын «Жедел несиенің» көмегімен Сіз Қарыз алушылар мен кепіл қамтамасыз етуді қарапайым талдау сызбасы бойынша жедел түрде қаржыландыруды алу мүмкіндігіне ие боласыз.
Несиелендіру мақсаты:
- айналым қаражатын толықтыру;
- негізгі қаражатты алу және жетілдіру; ұзақ мерзімді активтерге капиталды шығындар;
- қолданыстағы Заңнамаға сәйкес инвестициялық мақсаттар;
- өзге Банктердегі қарызды қайта қаржыландыру;
- болашақ шығындарды қаржыландыру.
Несиелендіру шарттары:
Несие валютасы | Несиелендіру мерзімі | Несие сомасы | Алғашқы салым | Кепілге қойылатын талаптар |
---|---|---|---|---|
KZT, USD, RUR | 3 ай | 1 000 000 теңге; 6 666 АҚШ доллары; Ресейлік рубльдегі баламасы. |
Талап етілмейді | Тек жылжымайтын мүлік * |
7 жыл * | 200 000 000 теңге; 1 000 000 АҚШ доллары; Ресейлік рубльдегі баламасы. |
* Кепіл қамтамасыз ету Банк ВТБ (Қазақстан) филиалы орналасқан қалада/қала маңында орналасуы тиіс.
**Айналым капиталын 3 жылдан астам мерзімге қаржыландыруға жол берілмейді.
Қарыз алушыға қойылатын шарттар:
· Клиенттің жасы 23 жастан жоғары болуы тиіс (ер адамдар – 63 жастан үлкен емес, әйел адамдар - 58 жастан үлкен емес);
· Азаматтығы – Қазақстан Республикасы немесе тұруға рұқсат қағаз (тұруға рұқсат қағаздың аяқталу мерзімі несиенің аяқталу мерзімінен 6 айға артық болуы тиіс);
· Қарыз алушының жұмыс тәжірибесі сауда, жұмыстар немесе қызметтер саласында 3 айдан кем болмауы тиіс (үзіліссіз) (30 000 000 теңгеден немесе 200 000 АҚШ долларынан артық несиелер бойынша – 6 айдан кем емес);
Немесе несиеге сұранысты берместен бұрын өндіріс саласында 6 айдан кем емес (үзіліссіз).
· Банктің Уәкілетті органы несиелік шешімді қабылдаған күнге бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша, соның ішінде салық органдарының алдында мерзімі кешіктірілген қарызының болмауы (5 АЕК-ден артық).
Біздің ұсынымыз қызығушылық тудырған жағдайда, бізге 5050 нөмірі бойынша хабарласыңыз: ұялы телефоннан ақысыз. Сізбен шарттарды нақтылау үшін хабарласамыз, кездесуге шақырамыз, барлық сұрақтарыңызға жауап береміз және қызмет көрсету бойынша кеңестер ұсынамыз.