Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы

Мақсатты топ

Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, елде Төтенше жағдай* енгізу салдарынан қаржылық жағдайының нашарлағанын растауы бар шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісі.
*«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасында енгізілген Төтенше жағдай.

Мақсатты пайдаланылуы

Айналым қаражатын толықтыруға.

Мерзімі

12 айдан артық емес

Максималды лимит

  • заңды тұлғалар үшін – 3,0 млрд теңгеден артық емес
  • ЖК үшін – 50,0 млн теңгеден артық емес