«Даму Аймақтар III» шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өңірлік басым жобаларын қаржыландыру бағдарламасы

Мақсатты сегмент

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осындай болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері

Қарыз мерзімі

84 (сексен төрт) айдан артық емес

Қарыздың нысаналы мақсаты

  • айналым қаражатын толықтыру;
  • жаңа негізгі құралдарды сатып алу;
  • негізгі құралдарды жаңғырту.

Міндетті талаптар

«Даму аймақтар III» бағдарламасы аясында қаржыландыруға ие болған қарыз алушылар кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды және / немесе кепілдендіруді алу үшін «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтінім беруге құқылы.