Экспортқа дейінгі сауданы қаржыландыру

Экспорт алдындағы қаржыландыру қазақстандық Экспорттаушыларға айналым қаражатын толықтыру және экспорттық келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында беріледі.

Қазақстандық экспорттаушылар үшін артықшылықтар

  • Экспорттық тауар өндірісінің барлық циклына тиімді шарттармен қаржыландыру алу;
  • Экспорттық келісімшарт бойынша төлемді кейінге қалдыру мүмкіндігін беретін шетелдік нарықтардағы бәсекелестік артықшылық;
  • Саяси тәуекелдерден қорғау;
  • Импорттаушының қаржылық міндеттемелерін орындамаған жағдайда шығындарды азайту;
  • Шетелдік серіктестер үшін қолайлы жағдайлардың арқасында экспорт географиясының көлемін ұлғайту және кеңейту.

Экспортқа дейінгі қаржыландыру—шикізаттық емес экспортты қолдау бойынша«KazakhExport»негізгі құралдарының бірі қазақстандық экспорттаушыларға айналым қаражатын толықтыру және экспорттық келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында екінші деңгейдегі қазақстандық банктер арқылы ұсынылады. «KazakhExport» ЭСК» АҚ-мен бірлескен отандық экспорттаушыларға арналған Экспорт алдындағы қаржыландыру туралы толығырақ сілтемеге өту арқылы білуге болады.