Экспорттық сауданы қаржыландыру

«KazakhExport» ЭСК» АҚ-ның «Экспорттық саудалық қаржыландыру» (бұдан әрі – ЭСҚ) құралы шетелдік сатып алушылар тарапынан қазақстандық өнімге сұранысты ынталандыруға бағытталған. ЭСҚ есеп айырысудың аккредитивтік нысаны шеңберінде Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ арқылы қазақстандық тауарларды/қызметтерді сатып алу үшін шетелдік компанияларға (импорттаушыларға) ұсынылады.

ЭСҚ іске асыруға келесі тараптар қатысады:

  1. Клиент – экспорттық келісімшарт бойынша тауарларды/қызметтерді экспорттаушы,
  2. Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – растаушы Банк / банкаралық мәміле бойынша кредитор Банк,
  3. Импорттаушының Банкі – банкаралық мәміле бойынша кейінгі қаржыландыру шеңберінде аккредитив шығарған Эмитент-банк/қарыз алушы,
  4. Импорттаушы – тауарларды/қызметтерді және Эмитент-банктен жеңілдікті қаржыландыруды алушы.

«ЭСК «KazakhExport» АҚ, сақтандыру бойынша функцияларды өзіне қалдыра отырып, ЭСҚ сақтандыру өтемін енгізді (Импорттаушы Банктің банкаралық кредитті төлемеу тәуекелі).

Импорттаушы Банк үшін қаржыландыру құны мынадай түрде қалыптасады: «KazakhExport» ЭСК» АҚ-дан қаражатты тарту мөлшерлемесі + Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ дейінгі маржа + сақтандыру өтемі бойынша сақтандыру сыйлықақысы.

ЭТФ шарттары туралы толығырақ сілтеме арқылы білуге болады: «KazakhExport» ЭСК» АҚ экспорттық саудалық қаржыландыру