Сіздің қалаңыз

Алматы

«Коммерсант» несиесі

«Коммерсант» несиесі арнайы жеке кәсіпкерлер немесе компанияның бизнесте 50 пайыз және одан да көп үлеспен иелері/ортақ иелері үшін, сонымен қатар нотариус, адвокат, жеке сот орындаушылары үшін шығарылған. Несие жеке тұлғаға ресімделеді.

Несие шарты

Несие тұтынушылардың мақсаттарына теңгеде, ресей рубілінде және АҚШ долларында беріледі.

Несие беру мерзімі - 6 айдан 36 айға дейін.

Несиенің артықшылығы

  • Бастапқы жарнасыз;

  • Қамтамасыз етусіз (кепілзат қажет емес);

  • Мерзімінен бұрын өтеу үшін комиссиясыз (несиені берген күннен бастап 3 айдан кейін).

Қарыз алушыға талап қою

  • Қазақстан Республикасының Азаматы;

  • Жасы 26-дан жоғары. Жасы несиенің барлық сомасын өтеу мерзімі өткенге дейін ҚР заңнамасымен белгіленген зейнетақы жасынан аспау қажет (ерлер – 63 жас, әйелдер – 58 жас);

  • Тұрақты, расталған табыстың бар болуы;

  • 6 айдан кем емес, бизнесте маусымдылық болған кезде 12 айдан кем емес.

  • Несие тарихында жағымсыз пікірдің жоқтығы.

Несиелендіру сомасы

Несие 75 000 теңгеден 3 000 000 теңгеге дейін, немесе баламасы ресей рубілінде немесе АҚШ долларында ұсынылады.

Өтеу тәртібі

  • Аннуитеттік төлемдер;

  • Бірдей үлеспен;

  • Икемді кесте.

Несиені мерзімінен бұрын өтеу

Мүмкін:

Банктік қарыз шартын жасаған күннен бастап он бесінші күнтізбелік күннен және несиені берген күннен бастап 3 (үш) ай өткенге дейін несиені толық/жартылай өтеу кезінде несиені мерзімінен бұрын өтеу сомасынан 5 % мөлшерінде несиені мерзімінен бұрын өтеу үшін комиссия төленеді; 

Банктік қарыз шартын жасаған күннен бастап он төрт күнтізбелік күн ішінде және несиені берген күннен бастап 3 (үш) ай өткеннен кейін несиені толық/жартылай өтеу кезінде несиені мерзімінен бұрын өтегені үшін комиссия төленбейді. Жартылай мерзімінен бұрын өтеудің ең аз сомасы 1 жарнадан кем емес.

Банкоматтар
Банкте Мансап
Филиалдар
Damu