Сіздің қалаңыз

Алматы

Жедел несие

Ойдан - шешімге

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның шағын бизнеске қызмет көрсетудегі басты бағыттарының бірі несиелендіру болып табылады.

Сізге қосымша қаражат қажет және мұнымен бірге Сіз несиені рәсімдеу мен алуға уақытыңызды жұмсағыңыз келмей ме? –

Банк ВТБ (Қазақстан) ұсынатын «Жедел несиенің» көмегімен Сіз Қарыз алушылар мен кепіл қамтамасыз етуді қарапайым талдау сызбасы бойынша жедел түрде қаржыландыруды алу мүмкіндігіне ие боласыз.

Несиелендіру мақсаты:

  • айналым қаражатын толықтыру;
  • негізгі қаражатты алу және жетілдіру; ұзақ мерзімді активтерге капиталды шығындар;
  • қолданыстағы Заңнамаға сәйкес инвестициялық мақсаттар;
  • өзге Банктердегі қарызды қайта қаржыландыру;
  • болашақ шығындарды қаржыландыру.

Несиелендіру шарттары:

Несие валютасы Несиелендіру мерзімі Несие сомасы Алғашқы салым Кепілге қойылатын талаптар
KZT, USD, RUR 3 ай 1 000 000 теңге;
6 666 АҚШ доллары;
Ресейлік рубльдегі баламасы.
Талап етілмейді Тек жылжымайтын мүлік *
7 жыл * 200 000 000 теңге;
1 000 000 АҚШ доллары;
Ресейлік рубльдегі баламасы.


* Кепіл қамтамасыз ету Банк ВТБ (Қазақстан) филиалы орналасқан қалада/қала маңында орналасуы тиіс.

**Айналым капиталын 3 жылдан астам мерзімге қаржыландыруға жол берілмейді.

Қарыз алушыға қойылатын шарттар:

· Клиенттің жасы 23 жастан жоғары болуы тиіс (ер адамдар – 63 жастан үлкен емес, әйел адамдар - 58 жастан үлкен емес);

· Азаматтығы – Қазақстан Республикасы немесе тұруға рұқсат қағаз (тұруға рұқсат қағаздың аяқталу мерзімі несиенің аяқталу мерзімінен 6 айға артық болуы тиіс);

· Қарыз алушының жұмыс тәжірибесі сауда, жұмыстар немесе қызметтер саласында 3 айдан кем болмауы тиіс (үзіліссіз) (30 000 000 теңгеден немесе 200 000 АҚШ долларынан артық несиелер бойынша – 6 айдан кем емес);

Немесе несиеге сұранысты берместен бұрын өндіріс саласында 6 айдан кем емес (үзіліссіз).

· Банктің Уәкілетті органы несиелік шешімді қабылдаған күнге бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша, соның ішінде салық органдарының алдында мерзімі кешіктірілген қарызының болмауы (5 АЕК-ден артық).

Біздің ұсынымыз қызығушылық тудырған жағдайда, бізге 5050 нөмірі бойынша хабарласыңыз: ұялы телефоннан ақысыз. Сізбен шарттарды нақтылау үшін хабарласамыз, кездесуге шақырамыз, барлық сұрақтарыңызға жауап береміз және қызмет көрсету бойынша кеңестер ұсынамыз.   


Банкоматтар
Банкте Мансап
Филиалдар
Damu