«Даму-Оптима» жеке кепілдік беру бағдарламасы
Кредиттің мақсаты
- Инвестициялар
- Айналым қаражатын толықтыру
- Ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыру
Кредиттің ең жоғарғы сомасы
- 180 000 000 теңгеден артық емес – жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін
- 30 000 000 теңгеден артық емес – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін
Кепілдік қамтамасыз ету
- Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін кредит сомасының кепілдік құны бойынша кемінде 15% - / жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін кредит сомасының кепілдік құны бойынша кемінде 50%;
- Кәсіпкер Банк белгілеген мерзімде инвестициялық мақсаттарға берілген банктің кредиті есебінен сатып алынған барлық жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүлікті қосымша қамтамасыз ету ретінде беруге міндетті.
Ерекше шарттар
Кредит бойынша негізгі борышты өтеу/ішінара өтеу кезінде кепілдік сомасы, егер кепілдік шартында өзгеше айтылмаса, қатысу мөлшеріне көбейтілген негізгі борышты өтеу сомасына тең сомаға азайтылады.