Сіздің қалаңыз

Алматы

ВТБ жаңалықтары (Қазақстан)

02.09.2020

Заңды тұлғаларға арналған қашықтықтан банктік қызмет көрсетудің жаңартылған жүйесі Банк ВТБ (Қазақстан) клиенттеріне банктік қызметтердің кең түрін банк бөлімшесіне бармастан алуға мүмкіндік береді, бұл әсіресе пандемия кезеңінде өзекті.

Банктің клиенттеріне әдеттегі функцияларға айналған ұлттық және шетел валютасында аударымдар жасау, шетел валютасын онлайн сатып алу немесе сату, кредиттерді өтеу кестесін және берешектің ағымдағы жағдайын қарау, үзінді көшірме алу, шот теңгерімін онлайн қарау және тағы да басқалар қолжетімді. Сондай-ақ, корпоративтік шоттарды басқару бойынша қосымша функционал пайда болды, аударымдарды растайтын клиентке қолайлы құралдарды, яғни бір реттік SMS-пароль арқылы немесе ЭСҚ арқылы жолын таңдау мүмкіндігі қосылды. Сервис банктің клиенттеріне жеке кабинеттің мәзірін жеке параметрлер бойынша өз бетінше баптауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «ВТБ Бизнес Онлайн» жүйесі ақпараттық қауіпсіздіктің барлық жоғары талаптарына жауап береді.

- Қазіргі таңда біздің корпоративтік клиенттерімізге онлайн режимде барлық дерлік басты банктік операциялар қолжетімді. Интернет-банкингтің жаңа платформасын іске қосу – бұл біздің қашықтықтан қызмет көрсету каналдарымызды жаһандандырудағы кезекті елеулі қадам. Жаңартылған жүйе клиент үшін омниканалды және қолайлырақ болып табылады. Бұл жақын арада онлайн банкингтің мобильді нұсқасын іске қосуға мүмкіндік береді. Өнімдерді және сервисті цифрландыру – банктің дамуындағы басты бағыттардың бірі, – деп Банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасының мүшесі Игорь Ли атап өтті.

Заңды тұлғаларға арналған интернет-банкинг» жаңа жүйесіндегі қызметтер тізбесі үнемі кеңейтілуде. Жақын уақытта кредиттік желіні ашуға өтінішті онлайн беру, анықтамаларды онлайн құру, банктік салымдар ашу функциялары және тағы да басқалар іске қосылатын болады. Банк жаңа функциялардың іске қосылуы туралы қосымша хабарлайтын болады.

 

Возврат к списку

Оформить подписку

Банкоматтар
Банкте Мансап
Филиалдар