ВТБ (Қазақстан) 3 мыңнан астам «Мир» картасын шығарды

19.04.2023

ВТБ (Қазақстан) клиенттері «Мир» төлем жүйесінің 3 мыңнан астам картасын ресімдеді. Оның 60%-ы цифрлық форматта, 40%-ы пластиктен жасалған. Карталар саны айдан айға тұрақты өсуде: наурыз айында банк 2 200-ден астам картаны шығарды. Бұл ақпан айындағыдан 3,5 есеге көп.

ВТБ (Қазақстан) «Мир» цифрлық карталарын 2022 жылдың желтоқсанында іске қосты, ал осы жылдың наурыз айында физикалық карталарды жаппай шығаруға кірісті. Қазақстан мен Ресейден басқа, карталарға осы елдерден тыс жерлерде «Мир» төлем жүйесіне қатысушы банктерде де қызмет көрсетіледі.

«Мир» ВТБ (Қазақстан) карталары бойынша транзакциялардың ең көп саны кафелер мен мейрамханаларға, супермаркеттерге, IT-сервистерге, жолаушылар тасымалына тиесілі. Транзакциялар сомасы бойынша білім беру қызметтеріне, азық-түлік тауарларына, автомобиль компоненттеріне, туристік сапарлар мен экскурсияларға, қонақүйлерге жұмсалатын шығындар көш бастап тұр.

«Қазақстанда «Мир» карталарына сұраныс ай сайын артып келеді және әзірге цифрлық карталар саны жағынан пластик карталардан 10%-ға озып отыр. Біз сондай-ақ карталар бойынша сервистерді үнемі дамытуды жүзеге асырудамыз – сәуір айында клиенттер кез келген «Мир» картасына екі минут ішінде басқа елге ақша жібере алатындай етіп Қазақстаннан шығатын аударымдарды іске қосуды жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті ВТБ (Қазақстан) бөлшек бизнес департаментінің директоры Станислав Козьяков.

ВТБ (Қазақстан) «Мир» картасы бойынша клиенттер кез келген банктердің «Мир» карталарынан аударымдар ала алады, онлайн-сатып алулар жасай алады, VTB KZ Online мобильдік қосымшасында қызметтер үшін төлей алады. Шетелде пайдаланушылар сауда нүктелерінде сатып алулар жасайды, «Мир» карталарын қабылдауды қолдайтын банкоматтардан ақша алады. Сондай-ақ, картаны Mir Pay қосымшасына қосуға болады және NFC технологиясын қолдайтын Android 7.0 және одан жоғары нұсқасы бар смартфон арқылы контактісіз сатып алу үшін пайдалануға болады.

ВТБ (Қазақстан) өзінің «Мир» карталарына да, басқа шетелдік банктер шығарған карталарға да толық көлемде қызмет көрсетеді. Оның иелері банкоматтардан кез-келген соманы операциялар санына шектеусіз ала алады. Пластикалық картаны шығару құны – 2 000 теңге, цифрлық карта – тегін. Картаға қызмет көрсету тегін.

Банкомат желісіндегі және банк кассаларындағы ВТБ «Мир» карталарынан қаражат алу үшін комиссия алу сомасының 1%, республика аумағынан тыс басқа банктерде – 1,5% құрайды. Ең төменгі комиссия 500 теңгеге тең.