Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері бойынша өтемақы бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау мерзімі ұзартылды

06.01.2023

Құрметті клиенттер!


Банк ВТБ (Қазақстан) Өтемақы бағдарламасы бойынша [1] жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері бойынша өтініштерді қабылдауды жалғастыруда. Өтініш беру мерзімі – 2023 жылғы 10 ақпанға дейін.

 

Жеке тұлғалардың депозиттеріне арналған 10% мөлшеріндегі сыйлықақы ВТБ (Қазақстан) банкінің «Табысты», «Жайлы», «Жинақтаушы», «Жинақтық» және «AQYL білім беру» салымдарына теңгемен есептелетін болады.

Маңызды! Өтемақы ағымдағы шоттар бойынша қалдықтарға есептелмейді.

Салымшыларға төлем 2022 жылғы 23 ақпандағы күннің соңындағы депозитке 10% мөлшерінде, 20 млн теңге шегіндегі ақша сомасына жүргізілетін болады. Бұл ретте, егер салымшының банкте бірнеше депозиті болса, төлем барлық салымдардың жалпы сомасына, бірақ 20 млн теңге шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Мұрагерге өтемақы төлеу және мұрагерде салым болған жағдайда өтемақы қайтыс болған салымшыға және мұрагерге тиесілі салым бойынша жеке жүргізіледі, алайда барлық салымдар бойынша жиынтығында 20 млн теңгеден аспайды.

Өтемақыны алу шарттары:

 

  •          салымды 2023 жылғы 24 ақпанға дейін сақтау;

  •          депозит мерзімі аяқталмаған не 2023 жылғы 23 ақпанды қоса алғандағы мерзімге кемінде бір немесе бірнеше рет ұзартылған;

  •          депозитті толық алып қою жүзеге асырылған жоқ, оның ішінде банктік салым шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жоқ;

  •          салымшы 2023 жылғы 10 ақпаннан кешіктірмей төлеуге арналған келісім-өтінішін растауы қажет.

 

Өтінішті банктің кез-келген бөлімшесінде еліміздің 12 қаласында жазуға болады. Бөлімшелердің мекенжайлары осында орналастырылған. Шұғыл телефон желісі қосымша жұмыс істейді: +7 (727) 330 59 15.

 


«Жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгемен) орналастырылған депозиттері бойынша өтемақы (сыйлықақы) төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 614 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2022.12.30 №1129 Қаулысы.