Банк ВТБ (Қазақстан) Павлодар қаласында филиалын ашты

21.12.2010

2010 жылғы 21 желтоқсанда Банк ВТБ (Қазақстан) Павлодар қаласында жаңа Филиалын ашты.

Филиал Лермонтов көшесі, 60, мекенжайы бойынша Павлодардың іскерлік ортасында орналасқан.
Ыңғайлы орналасуы жеке және заңды тұлғаларға жайлы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Жалпы ауданы шамамен 800 шаршы метр болатын жерде клиенттердің барлық санаттарына жан-жақты және сапалы қызмет көрсетуге арнайы дайындықтан өткен кәсіби қызметкерлері бар заманауи кеңсе құрылған.

Филиалға аймақтағы қаржы саласының құрметті әрі кәсіби қызметкері Жандәулет Кенжетайұлы Шадиев басшылық жасайды.

«Павлодар қаласының барлық тұрғындары мен қонақтарын Банк ВТБ (Қазақстан) қызметін пайдалануға шақыру – мен үшін үлкен қуаныш әрі зор құрмет. Біздің Банкіміз – акционерлік капиталының 85,5% Ресей Федерациясы Үкіметіне тиесілі ірі ресейлік Банк ВТБ-ң еншілес ұйымы. Клиенттермен жұмыс істегенде ВТБ жоғары деңгейіне сай болу үшін ұмтыламыз.».

Павлодар қаласындағы филиал жеке клиенттерге есеп-кассалық қызметтен бастап несиелендіруге дейін; заңды тұлғаларға аймақтың шағын және орта бизнесін қаржыландырудан сауда қаржыландыру бойынша қиын мәмілелерді құрылымдауға дейін банктік қызметтердің толық кешенін ұсыну үшін ашылған әмбебап қаржы институты болып табылады.

Банк ВТБ (Қазақстан) өнімдерінің желісін кеңейтіп, филиалдық желіні белсенді дамытуға бағытталған стратегияны жүзеге асыруын жалғастыруда.

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма төрағасы Сергей Гусаров: «Біз 2010 жылға белгіленген филиалдық желіні кеңейту бойынша жоспарымызды орындадық – клиенттерімізге Павлодар қаласындағы филиал есігі ашық. Осы филиалдың ашылуын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне арнаймыз.Әрбір шаңыраққа ырыс пен бақ қонсын».

Үстіміздегі жылдың аяғына дейін Банк ВТБ (Қазақстан) Қарағанды, Өскемен, Атырау қалаларында тағы да 3 филиалы ашылады. 

Анықтама
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсететін ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100 % еншілес Банкі.
Банк ВТБ (Қазақстан) 2009 жылғы шілдеден бері ҚР нарығында жұмыс істеп келеді. Қазіргі уақытта Алматы мен Астанада Банк филиалдары ашылған. Банктің Жарғылық капиталы - 9 млрд. теңге.
2010 жылғы қыркүйекте Банк «BBB-» деңгейінде халықаралық рейтингке ие болды/Fitch Ratings агенттігінің болжамы – «Тұрақты», бұл қазақстандық еншілес банктің оң және тұрақты қаржы жағдайын растайды.