Қызметтер

1.jpg

Online VTB – қашықтан қызмет көрсету жүйесі, бұл Сіздің шоттарыңызға тәулігіне 24 сағат аптасына 7 күн қол жеткізу. Кез келген уақытта сіз ұялы байланыс, коммуналдық қызметтер, кабельдік теледидар қызметтерін төлей аласыз, ақша аударымдарын және т.б. жүзеге асыра аласыз. Бұл ретте Банк бөлімшесіне келудің қажеті жоқ, Online VTB үйде, кеңседе немесе үй-жайдан тыс жерде, Интернет желісіне қосылған кез келген компьютерден пайдалануға болады.


1.jpg

Банкоматтар арқылы қол жетімді операциялар (Visa Virtuon қоспағанда)

1. Карточкадан банк ішіндегі карточкаға, ағымдағы және депозиттік шоттарға аударымдар.

2. Банк ВТБ (Қазақстан) төлем карточкасынан ҚР кез келген Банкінің Visa төлем карточкасына аударымдар.

3. Төлем карточкасы бойынша операциялар туралы SMS-хабарландыруды қосу.

4. Online VTB Интернет банкингі жүйесіне қосылу.

5. Қызметтерді автоматты түрде төлеу: ұялы байланыс операторлары, кабельдік теледидар, телефония, интернет – провайдерлер және басқа да қызметтерді жеткізушілер.

6. ПИН-кодты ауыстыру.

7. Cash-in функциясы бар банкоматтарда карталарды толтыру мүмкіндігі.


1.jpg

Аударымдар

Өзінің Visa төлем карточкасынан ҚР кез келген Банкінің Visa төлем карточкасына қолма-қол ақшасыз аударымдарды жүзеге асыру.

Өзінің Visa/ MasterCard банк ВТБ (Қазақстан) төлем карточкасына басқа банктердің төлем карточкаларынан қолма-қол ақшасыз аударымдарды алу.


1.jpg

SMS-хабарландыру

Сіздің төлем карточкаңыз бойынша операция жасаған кезде телефонға SMS хабарлама алу мүмкіндігі

SMS-хабарлама қызметіне ВТБ (Қазақстан) банкінің кез келген төлем карточкасының иесі банкомат арқылы (Visa Virtuon қоспағанда) немесе Банк ВТБ (Қазақстан) бөлімшесінде қосыла алады. Банкомат арқылы қосылу:

1. Банк ВТБ (Қазақстан) кез келген банкоматына ұялы телефоныңызға ақпарат алғыңыз келетін карточканы салыңыз.

2. Кейін банкомат экранынан SMS-хабарлама қызметін таңдаңыз – «Жазылу».

3. Банк Сізге SMS-хабарлама жіберілетін оператор коды бар ұялы телефон нөмірін көрсетіңіз және SMS-хабарлама қызметін ұсыну шарттарымен келісетініңізді растаңыз.

4. Чек алыңыз. Чекте ұялы телефон нөмірін көрсетудің дұрыстығын тексеріңіз. Егер нөмірде қате жіберілсе немесе телефон нөмірі оператор кодынсыз көрсетілсе – банкомат арқылы «SMS-хабарлама қызметінен бас тарту» рәсімін жүргізіп, содан кейін қайта тіркеуден өтіңіз.

Банк бөлімшесі арқылы қосылу:

Сізге ең жақын Банк ВТБ (Қазақстан) бөлімшесіне хабарласыңыз және SMS-хабарлама қызметіне қосылу үшін өтінішті толтырыңыз.


1.jpg

Шотты толтыру

Шотты кез келген уақытта банк бөлімшелері арқылы, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсететін электрондық құрылғылар арқылы толтыру.




1.jpg

ПИН-кодты ауыстыру (Visa Virtuon қоспағанда)

Сіздің ақшалай қаражатыңыздың қауіпсіздігі мақсатында Сізге банктің банкоматтары арқылы ПИН-кодты ауыстыру қызметі қолжетімді.

Банкоматта ПИН-кодты ауыстыру:

1. Төлем карточкасын банкоматқа салыңыз;

2. Қолданыстағы ПИН-кодты енгізіңіз;

3. Банкомат мәзірінен «ПИН-кодты ауыстыру» әрекетін таңдаңыз;

4. Банк тарифтеріне сәйкес ықтимал комиссия туралы ескертумен танысыңыз және келісім берген жағдайда «Жалғастыру» батырмасын басыңыз немесе бас тартқан жағдайда «Жою» батырмасын басыңыз;

5. Жаңа ПИН-кодтың 4 (төрт) санын енгізіңіз;

6. Жаңа ПИН-кодты енгізуді қайталаңыз.