Скимминг

Скиммингтен қорғау тәсілдері

Құрметті карточка ұстаушылар, скимминг бүкіл әлемде кеңінен таралатып жатқанын хабарлаймыз.

Скимминг – кейіннен деректерді алаяқтар дайындаған басқа карточкаларға көшірумен карточканың магнитті жолағынан деректерді арнайы скиммер-құрылғылардың көмегімен заңсыз көшіру. Оның көмегімен зиянкестер сауда орталықтарында төлей алады, сондай-ақ банкоматтарда қолма-қол ақша алу үшін осы қолдан жасалған карточканы пайдалана алады.

Алаяқтар техникалық прогрестің жемісін және біздің немқұрайлылығымызды қуана пайдаланады. Зиянкестердің арасында банкоматтар ерекше танымалды: біріншіден, онда ақша бар, екіншіден, әлеуетті құрбандарға абайсызда тап болуға және солардың есебінен олжа табуға болады. Алайда, бұл жағдайда қылмыскерлер де осал: банкоматта оларды "ұстау" және қамауға алу оңай. Сондықтан зиянкестер олардың орнына барлық лас жұмыс жасайтын құрылғыларды ойлап тапты. Бұл скиммерлер.

Скиммер – екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі кардридерге (картоқабылдағышқа) бекітілген өзіндік жапсырма болып табылады. Скиммердің екінші бөлігі – банкоматтың үстінен орнатылатын шағын бейнекамера немесе жапсырма ПИН-пернетақта. Кардридер Сіздің карточкадан электрондық ақпаратты жазып алады, және осы деректер арқылы қылмыскерлер Сіздікіне ұқсас пластик жасай алады. Ал бейнекамера немесе жапсырма ПИН-пернетақта Сіз теретін ПИН-кодты жазу үшін тағайындалған.

Алаяқтар соншалықты қорқынышты емес, сонымен қатар көбінесе олар өте ұқыпсыз әрекет етеді. Бірақ бұл қырағылықты жоғалтуға себеп емес, оған қоса скиммерлер жиі сенім тудырарлықтай көрінеді және кәсіби деңгейде жасалған, әдетте олар түсі бойынша банкоматтың өзінен ерекшеленбейді.

Сіздің назарыңызға скиммингтен қорғаудың негізгі ережелерін ұсынамыз (осы ережелер Банк банкоматтарына де, Сіз қолма-қол ақшаны шешіп алатын барлық бөгде банктердің банкоматтарына де қолданылады):

  1. Егер Сізге банкоматпен бірдеңе дұрыс емес болып көрінсе, басқа банкоматта қолма-қол ақша алуға әрекет жасауға кеңес береміз. Жалбыраған сымдар немесе түсі бойынша басқа құрылғымен сәйкес келмейтін картридер айналасындағы материал – күдік тудыру үшін жеткілікті себеп болып табылады. Сіз қателесуіңіз де мүмкін, бірақ тәуекелге бел бумағаныңыз дұрыс.
  2. Айналарды немесе басқа да күдікті заттарды көру үшін банкомат айналасындағы аумақты қарап шығыңыз. Банкомат орнатылған кабинада бөгде заттар болмауы тиіс. Жарнама парақшаларына арналған тіреулерге мұқият қараңыз – көбінесе шпиондық жабдықтар сонда жасырылады.
  3. ПИН-кодты сақтаңыз. ПИН-кодты міндетті түрде бөтен көздерден сақтауға тырысу қажет, Сіз Сіздің артыңызда кезекте тұрған адамға оғаш адам болып көрінсеңіз де. Сандарды терген кезде пернетақтаны алақанмен жабу ең оңайы. Қорғаудың қарапайым тәсілі, бірақ ол әрқашан жұмыс істейді.
  4. Бейнебақылаудағы банкоматтарды іздеңіз. Әдетте, бейнебақылау аймағында орналасқан құрылғылар оларға скиммерлерді орнату мүмкіндігінен жақсы қорғалған, алаяқтар сонда скиммерлер орнату қаупіне сирек барады.
  5. Күдікті жерлерде банкоматтардан қауіптеніңіз. Скиммерлерді адам көп жиналатын жерлер мен жанданған көшелерден алыста орналасқан құрылғыларда орнату оңай. Мүмкіндігінше өз банкіңіздің кеңселеріндегі банкоматтарды пайдаланыңыз.
  6. Банкоматқа қол тигізуге қорықпаңыз. Егер құрылғы үйреншіксіз болып көрінсе, банкоматта скиммердің орнатылған/орнатылмағанын батыл тексеріңіз. Егер алаяқтар шпиондық жабдықты кардридерден алып тастай алса, онда сіз де мұны істей аласыз.
  7. Егер Сізге сырттан көмек ұсынса, банкоматты ешқашан пайдаланбаңыз. Алаяқтар жиі техникалық қызметкерлер, банк қызметкерлері сияқты киінеді немесе клиенттер болғансиды. Бұл ресми униформадағы жігіт болуы мүмкін, ол сізге құрылғы жөнделіп, тазаланып жатқанын айтады және Сіге қаражат алуда көмектесуді ұсынады. Ол жерден бұрылып, кетіп қалыңыз.
  8. Егер сізге бір нәрсе күдікті болып көрінсе, ол туралы тәулік бойы авторландыру орталығына +7 (727) 330-43-43 телефоны арқылы хабарлаңыз. Сіз жалған дабыл көтеруіңіз мүмкін, бірақ бұл қырағылық көбінесе қылмысты болдырмауға көмектеседі.


Скиммингтік құрылғылардың көрнекі мысалдары:

15_(1).jpg

15_(1).jpg

15_(1).jpg

15_(1).jpg

15_(1).jpg

15_(1).jpg

15_(1).jpg

15_(1).jpg

15_(1).jpg